astana-view

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІН "БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП КҮНІНЕ" ШАҚЫРАМЫЗ

2022 жылғы 23 Қыркүйек
- Қостанай облысы
6888 просмотров

29 қыркүйекте Қостанай облысының бақылау-қадағалау органдарының өкілдері өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кері байланысты қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлермен кездеседі.

Кездесу сағат 16.00-де Қостанай облысы әкімдігінде Қостанай қаласы, 66, 6 қабат мекенжайы бойынша өтеді.

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін осы іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.

Бірыңғай есеп  күнінің мақсаты кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, мемлекеттің бақылау – қадағалау қызметі реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзушылықтардың жүйелі алдын алуды дамыту болып табылады.

Бірыңғай есеп күні кәсіпкерлермен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу нәтижелерін талқылау бойынша кездесу форматында өткізілетін болады

Іс-шараға аудандық әкімдіктерде бейнеконференцбайланыс арқылы ауыл кәсіпкерлері де қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер