astana-view

Ұлттық палата және Тюрингияның экономикалық даму агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2022 жылғы 26 Қыркүйек
8621 просмотров

Бүгін Тюрингияның экономикалық даму агенттігі (Германия Федеративтік Республикасы) мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы мен Тюрингия Федералдық жерінің кәсіпкерлері арасындағы қатынастар мен байланыстарды орнату және нығайту, кооперациялық сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ тараптардың бизнестің табысты дамуын және жаңа экономикалық нарықтарға шығуын қамтамасыз ететін озық технологиялар трансферін ұйымдастыру қажеттігін түсіне отырып, тараптар арасында түсіністік туралы меморандум қабылданды. Бұл құжат Қазақстан мен Германияның Тюрингия федералдық аймағы кәсіпкерлерінің арасындағы мүмкіндіктердің артуына, сондай-ақ жалпы экономиканың дамуына, кәсіпкерлікті дамыту саласында тараптар арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталов Германиядан келген қонақтарды Ұлттық палата құрылымының жұмысымен таныстырып, инвестициялық жобаларда неміс бизнесімен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

 «Біз әрине неміс инвестицияларын тартуға мүдделіміз әрі геосаяси жағдайға байланысты нарықта белсенділік пайда болғаннын көріп отырмыз. Өз тарапымыздан тікелей сыртқы сауда палатасы және Ұлттық палата болып, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп санкциялық режимге нақты бақылау жүргіземіз деп сендіргіміз келеді. Санкция талаптарын сақтау мәселелері бірінші кезекте тұр... Инвестициялық жобалардың жұмысын түсіне отырып, біздің жағдайда Ұлттық палатаның трансформациясы және біздің барлық жұмысымыз нәтиже беріп, іске асырылған жобалар болуы керек. Ынтымақтастық барысында кездесетін барлық қиындықтарды өткереміз», – деп атап өтті Райымбек Баталов. 

«Атамекен» Тюрингияның ресми және іскер топтарының жергілікті кәсіпкерлермен тиісті деңгейдегі кездесуілерінде жәрдем көрсетуге дайын. Сондай-ақ кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды өткізу кезінде агенттік ұсынған тақырыптар бойынша спикерлердің осындай іс-шараларға қатысуына жәрдем көрсетуге ниетті. Бұл ретте іс-шараның деңгейі мен өткізілетін орны ескеріледі.  

 Сонымен қатар Тюрингияның экономикалық даму агенттігінің инвестициялар, сыртқы экономикалық байланыстар және кластерлік даму жөніндегі атқарушы директоры Арнульф Вульф делегация екі елдің бизнес өкілдері арасындағы нақты іс-қимылдарға бағытталғанын атап өтті. Германиядан келген қонақ Тюрингия федералды жерінде негізінен орта бизнес жұмыс істейтінін және олардың компаниялары ноу-хау мен жоғары технологияларды жақсы меңгергенін атап өтті.

 «Бүгін Тюрингия федералдық жерінің экономикалық әлеуетін таныстырып отырмыз. Біз Қазақстанда келешек үшін үлкен әлеует бар деп санаймыз. Өзара қарым-қатынасымыздың жемісі әлі алда, бірінші мақсат – танысу деген ойдамыз. Біз дипломатиялық хаттамалық кездесулерді емес, нақты нәтиже беретін жұмысқа ниеттіміз. «Атамекен» ҰКП өте маңызды ұйым екенін білеміз, ынтымақтастығымыз екі жаққа да тиімді болғанын қалаймыз. Біздің делегация Қазақстанның болашақ мақсаттарына қол жеткізу үшін үлес қоса алады», – деді Арнульф Вульф.

Сондай-ақ, кездесуге түрлі саладағы екі елдің кәсіпкерлері қатысып, одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер