astana-view

Қазақстан Түркиямен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттырды

2022 жылғы 11 Қазан
7531 просмотров

Қазақстан Түркияның негізгі сауда серіктестерінің бірі бола алады.

Қазіргі кезде Қазақстан серіктес елмен тауар айналымы бойынша 40-шы, импорт бойынша 34-ші және экспорт бойынша 49-шы орында тұр. Түркияға экспорттың едәуір бөлігін минералды және ауылшаруашылық өнімдері құрайды. Жалпы, 2022 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында тауар айналымының өсуі 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 64,8%-ға өсіп, 4 151, 3 млн долларды құрады. Соның ішінде экспорт – 3 249 млн доллар, импорт –901,5 млн доллар.

 Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңде 181,1 млн доллар болды. Соның ішінде экспорт – 106,3 млн доллар, импорт – 74,7 млн долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Негізгі экспорт мынадай тауарларға тиесілі: бидай – 28,9 млн, күнбағыс майы – 28,6 млн, бұршақ дақылдары – 16,0 млн, зығыр – 13,2 млн доллар. 2022 жылы Қазақстан 2021 жылы Түркияға әкетілмеген күнбағыс майының экспортын қалпына келтірді.

 Бұдан басқа, импорт көлемі 1,5 есе өсті. Импорттың басым бөлігін мына өнімдер құрайды:  күнбағыс тұқымы – 12,9 млн, шоколад – 10,2 млн, құс жұмыртқасы – 7,1 млн, кондитерлік өнімдер – 5,5 млн доллар.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Түркия Республикасы арасында тығыз ынтымақтастық орнатылған. 2022 жылы Түркия вице-президенті Фуат Ақтаудың жұмыс сапары аясында Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті. Оған 250-ден астам кәсіпкер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты.

 «Кездесу сәтті өтті, ынтымақтастық туралы 10 келісім жасалды. Оларды іске асыру аясында инвесторлар бірқатар кәсіпорын салуға ниетті. Атап айтқанда БҚО және Ақтөбе облыстарында авиакарго бар көлік-логистикалық орталықтар, Алматыда фармацевтикалық зауыт, медициналық бұйымдар, маскалар мен респираторлар шығаратын кәсіпорын, тот баспайтын болат, металл болат конструкциялардан жасалған өнімдер шығаратын зауыт, елордада сауда-ойын-сауық орталығы салынады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Осы жобаларға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен жарты миллиард долларды құрайды.

Түркия Республикасымен екіжақты қатынастарды дамыту және нығайту үшін Сыртқы сауда палатасы Түркияның сауда палаталары мен тауар биржалары одағы (ТОВВ), сыртқы экономикалық байланыстар комитеті (DEIK), Түркияның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы (MUSIAD), Шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау және дамыту басқармасы (KOSGEB) сияқты 5 ұйыммен белсенді іскерлік байланыс орнатты. 2022 жылы ҰКП сарапшылары KOSGEB ШОБ қолдау жөніндегі түрік агенттігінің штаб-пәтеріне бару барысында Түркияда қолданылатын шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын зерделеді. Сондай-ақ Түркияда АЭС салу төңірегінде шағын және орта бизнесті дамыту тәжірибесімен танысты.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер