astana-view

2022 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 27%-ға артты

2022 жылғы 18 Қазан
8041 просмотров

Соңғы бес жыл ішінде елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде  экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт –17,4%-ға өсті.

 Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын нығаюда.  Елдер арасында туындайтын практикалық мәселелерді жедел шешу және екіжақты қатынастарды жандандыру үшін халықаралық және үкіметаралық алаңдар құрылды. Мәселен, 2017 жылдан бастап осы мақсатта Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесі құрылды. Онда Қазақстан тарапынан «Атамекен» ҰКП басшысы тең төраға болып саналады.

 «Іскерлік кеңес аясында біз барлық мәселені тікелей пысықтай аламыз. Осы мәселелерді шешу іскерлік ынтымақтастықтың қарқынын арттурға ықпал етеді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Басты мәселелер – транзит тасымалы кезіндегі мөлшерлеме, сертфикаттарды өзара тану, мақта шикізаты, жіп пен матаға баға, сонымен қатар еңбек күшінің көші-қон мәселесі. Осы және басқа да көптеген мәселе Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің күн тәртібінде тұр.

 Қазақстан Өзбекстанмен сыртқы сауда серіктестік бойынша үшінші (ҚХР және РФ кейін) орында. Тауар айналымындағы үлес салмағы 8,9%. Сыртқы сауда палатасының мәліметінше, Өзбекстанға Қазақстаннан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, бидай, ұн, күнбағыс тұқымы, қара және түсті металл, бейорганикалық химия өнімдері және азық-түлік тауарлары экспортталады.

 Өзбекстанна Қазақстанға энерготасымалдауыш құралдар, автомашиналар, мақта талшығы, химиялық өнімдер мен пластмасса, тыңайтқыштар мен азық-түлік өнімдері келеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер