astana-view

Маңғыстауда бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асты

2022 жылғы 18 Қазан
- Маңғыстау облысы
9452 просмотров

Биыл Маңғыстау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде 12,2 млрд теңге сомасына 7 жоба іске қосылды. Соның көмегімен 239 жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін тағы 9 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Құны 18,7 млрд теңгеден асатын жобалар 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді. Олардың қатарында жабық азық-түлік базары мен көкөніс қоймасы,  жылыжай кешені, медициналық орталық, ірі сауда кешені, визит орталық т.б. бар.

Мәселен, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылынан ашылған көлемі бір гектарлық жылыжайға 500 млн теңге қаражат жұмсалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 4 тонна тыңайтқышқа 50% субсидия бөлінді. Алда жылыжай салуға жұмсалған шығындардың 25% субсидияланады. Бұл жылыжайда 0,5 га қияр және 0,5 га қызанақ өсіріледі. Дайын өнім жергілікті базарлар мен сауда нүктелерінде қолжетімді бағамен сатылады. Бұл өңірде бағаны тұрақтандыруға септігін тигізбек.

Жақында облысты дамытудың кешенді жоспары аясында "Сталь трейд-НС" ЖШС болат құбырларды оқшаулау бойынша жаңа өндірістік цех ашылды. Жоба облыстың мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарына өнімді сатуға бағытталған. Бұл кәсіпорын екі, үш қабатты экструдталған полиэтилен жабынын қолдана отырып, жылына 24 000 тонна болат құбыр шығарады. Бұл- қазақстандық нарықтағы құбыр өнімдерінің ірі өндірушісі және жеткізушісі болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер