astana-view

Туристік саланы дамыту мен реформалау мәселесі талқыланды

2022 жылғы 20 Қазан
7257 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Туристік сала комитетінің отырысы барысында бірінші жартышылдықтың қортындысы, сондай-ақ туристік саланы дамытудың әлеуеті мен келешегі талқыланды.

 «Мемлекет басшысы туристік инфрақұрылымды дамыту және шетелдік инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасаудың және елдің бүкіл экономикасын дамыту үшін қажетті туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске қосудың маңызын ерекше атап өтті», – деді ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов жиын жұмысын бастап.

Спикер шараға қатысушыларға ҰКП трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстарын таныстырды. ҰКП басшысы трансформацияны 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта үш кезеңде жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Ақпанда Съезд тарапынан Президенттің ҰКП қызметін шағын бизнеске бағыттау туралы ұсынысы қолдау тапты. Бизнес өкілдері ҰКП-ны трансформациялау мәселесін көтеріп, ҰКП-ны қауымдастықтарды үйлестіру және салааралық мәселелерді шешуге шоғырландыру функцияларына кезең-кезеңімен көшу қажеттігін көрсетті», – деді Төралқа төрағасы.

Спикердің айтуынша, қазір Ұлттық палатада шағын бизнеске назар аударылып жатыр. Ал Комитет жанынан құрылған өңірлік алаңдар туристік саладағы шағын бизнестің бірлестігі ретінде қызмет етеді.

 «Транформацияның мәні – өңірлер деңгейінде салалық ерекшелікті құру. Аталған кезеңдерде ҰКП департаменттері мен өңірлік палаталарын күшейту арқылы Төралқа жанындағы комитеттер, қауымдастықтар мен өңірлік кеңестерді күшейтіп, уақыт өте келе функциялардың едәуір бөлігін ҰКП-да аккредиттелген қауымдастықтарға беру жоспарланып отыр», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Осы жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін Палата бизнес үшін біліктілік пен сараптама орталығы болатын клиентке бағытталған компанияға айналуы керек. Ол үшін толымдылық, сапа, әрекет ету жылдамдығы және кәсібилік тұрғысынан сараптама құру қажет. Сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізу көзделген.

 «Бұл өзгерістер бизнес өкілдерінің мемлекеттік бағдарламаларды орындау, субсидиялар беру бөлігінде көптеген талабына қатысты қолға алынып отыр», – деді Райымбек Баталов.

Сондай-ақ, талқылау барысында ҰКП Төралқасының туризм комитетінің мүшелері саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы туризм комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева бизнес-қоғамдастықты ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды. Спикер «KazakhTourism» ҰК АҚ және мәдениет және спорт министрлігімен қол қойылған жыл сайынғы үшжақты жол картасын тиімдірек толтыру үшін саланы дамытудағы басымдықтар туралы хабарлады.

 «Жол карталары арқылы біз мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты жолға қоя алдық, және бизнес-қауымдастықтан даму векторы өзгерген кезде жұмысқа жедел қосылуға мүмкіндік беруді сұраймыз. Биыл біз көлікке қолжетімділік мәселелерін бірінші орынға қойдық, мемлекеттік органдармен туристік кэшбекті енгізу механизмін талқылап жатырмыз, экотуризм стандарттары енгізілу үстінде», – деп атап өтті ол.

 Туризм департаменті өңірлерде үлкен жұмысты атқарып жатыр: туримз жөнінде комитеттер құрылды, әр қауымдастық алдында міндеттер блогы қойылған.

 «Сала өкілдерінің ортақ негізгі мәселесі – қаржыландыру, көмек беру жолдары», – деді комитеті төрайымы.

 ҰКП туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Кұнанова атқарылған жұмыстар туралы есеп бере отырып, қазіргі кездегі түйткілді мәселелердің бірі Алакөл көліне көлікпен қолжетімділікті қамтамасыз ету екенін айтты:

«Теміржол оның сапасы мен пойыздың құрамына қатысты мәселе пысықталуда. Дегенмен, жолаушылар ағыны жыл сайын артып келеді. 2022 жылы жолаушылар ағынының көлемі 33,5%-ға ұлғайды, 243 мың жолаушы тасымалданды. Алғаш рет Алматы-Достық бағыты бойынша «Тұлпар Тальго» класындағы пойыз іске қосылды. Әуе қатынас үлгісі бойынша ҚТЖ туроператорлар үшін ерте брондау механизмін іске қосты».

Қолөнершілікті дамыту бойынша жұмыс шеңберінде Тараз қаласына «World craft City» атағы берілді. Сондай-ақ 13-15 қазанда өткен қолөнершілер форумында Алматы қаласына Дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесін беру туралы өтінім берілгені жарияланды.

Комитет мүшелері, турбизнес және қауымдастық субъектілері бірқатар проблеманы белгілеп, ішкі және келу туризмін дамытуға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

«Биыл ҰКП және Комитетпен үлкен жұмыс атқарылды. Елге кіруді шектеу мәселелері шешілді, сонымен қатар визалық мәселелерді жедел шешеміз, ҚТЖ-мен келіссөзер нәтижесінде мәселелердің біразын шештік. Келу туризмінің операторлары үшін субсидиялар мәселесі жұмыс істемейді, өйткені біздің ерекшелігімізді ескермейтін ережелер қабылданған. Сондай-ақ, біздің мемлекеттік құрылымдармен байланыс орнатқымыз келеді. Бізге пойыздардың құрамын жаңарту өте маңызды, ҚТЖ тарапынан туристік өнімдер жетіспейді», – деп атап өтті «SkyWay»  туроператорлық компаниясының директоры Әсем Қозбағарова.

Спикер сондай-ақ «жанды сабақтар» жобасының тиімділігін атап өтіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігін тарта отырып, барлық мектеп үшін ауқымды және тиімді бағдарлама жасауды ұсынды. Оның айтуынша, 2022 жылы «жанды сабақтар»  3,8 мың баланы қамтыды, еліміздің 4 өңірінде 1,80 мың баланы қамтитын экскурсиялар өткізілді.

 «Бізде мемлекеттік органдар қызметіне қатысты көп сұрақ бар. Олар көп жыл бойы айқын дәйектерді қабылдамайды және түсінбейді. Олардың бюджеті бар, тіпті «жанды сабақтарды» қаржыландыра алады, бірақ олар нақты қабылдамайды. Бұл барлық экскурсияны мұғалімдердің күшімен өткізеді. Өйткені бұл шаралар олар үшін маңызды емес, ал туркомпаниялар балаларға арналған өнімді ұсынады, бұл маңызды әлеуметтік бағдарлама», – деді Юлия Якупбаева.

Бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдердің тиімсіз жұмыс істеу проблемасы туралы Қазақстан туристік қауымдастықтың директоры Рашида Шайкенова айтып берді.

«Шаралар нәтиже бермегені анық. Егер мемлекеттік қолдаудың әрбір шарасы бойынша нақты айтсақ, туроператорларды субсидиялау жұмыс істейді, 1 желтоқсанға дейін құжаттар жиналады және ішінара «kids go free» бағдарламасы жұмыс істейді. Қалған шаралар жұмыс істемейді. Шараларды пысықтау механизмі өте кеш басталды. Біз Үкіметке өтінімдерді қабылдау мерзімдерін қайта қарау туралы ұсыныспен жүгіндік, өйткені кәсіпкерлер осы шараларды пайдалана алуы үшін қол жеткізу қажет», – деді Рашида Шайкенова.

Сондай-ақ, спикер саланы стандарттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, нарық бүгінгі таңда стандарттау қызметтердің сапасын жақсартудың жалғыз құралы екенін түсінетінін атап өтті.

Өз кезегінде Ұлттық палата стандарт болмаса сапа болмайтынын және халықаралық сапа стандарттарын енгізуді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бұған дейін Палата басшысы трансформация және ағымдағы салалық ахуалды талқылауды басқа комитеттердің мүшелерімен өткізіп, онда трансформация жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы айтып, Кәсіпкерлер палатасының құрылымында мемлекеттік бюджетті қысқарту туралы мәселені көтерген болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер