astana-view

ШЫМКЕНТ БИЗНЕСІ ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ ТӘРТІБІН ЖЕҢІЛДЕТУДІ СҰРАЙДЫ

2022 жылғы 14 Қараша
- Шымкент қаласы
9749 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында қайта өңдеу өнеркәсібі Комитетінің отырысы өтті.  Бизнес Қазақстанға Өзбекстаннан шетелдік жұмыс күшін тартуға квота беруге байланысты мәселелерді көтерді.

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен тігін фабрикаларының иелері атап өткендей, олардың бизнес нысандары жұмыс күшінің тапшылығын сезінуде. Олар квотаның ішкі еңбек нарығын біліктілігі жоқ шетелдік жұмыс күшінен қорғайтынын және қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыру үшін енгізілгенін түсінеді.

«Біз жағдайымызға қарап көрші елден жұмысшыларды тартуға мәжбүрміз. Біріншіден, жергілікті кадрлар бізге барабар жалақымен де келгісі келмейді, екіншіден, квоталар жеткіліксіз. Олар біз сұрағандай көп квота бермейді немесе мүлдем квота беруден бас тартады. Квотаға қол жеткізе алмаған соң, біз шетелдік жұмысшылардың еңбегін заңсыз пайдалануға мәжбүрміз. Дегенмен, төртінші санаттағы жұмысшы мамандықтарына квота алынып тасталса, біз ресми түрде жұмыс істеуге және салық төлеуге дайынбыз», - деді кәсіпкерлер.

Олардың айтуынша, басты кедергі-тым жоғары мемлекеттік баж, оның мөлшері бір шетелдік жұмысшыны тартуға рұқсат алу үшін 750 мың теңгені құрайды. Болашақта қызметкерді лайықты жалақымен, әлеуметтік пакетпен, жататын орнымен, тамақпен және т. б. қамтамасыз ету қажет.

Сөз әр жылдың 1 қарашасына дейін өтініш берудің шектеулі мерзімі туралы болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің ешқайсысы алдағы жылы тендерлерді жеңіп алатыны туралы немесе нақты мамандар қай айда қажет болатынын нақты болжай алмайды.

«Инженерлік-техникалық санат бойынша біз 1 қарашадан бастап өтініш беруіміз керек. Мысалы, бізде инвестициялық жоба аясында жабдықты монтаждау жоспарланған. Егер жабдықтар маусым-шілде айларында келсе, онда біз келесі жылға өтініш беру үшін 1 қарашаны күтуіміз керек! Абсурд! Біз экономикалық қызметімізді толықтай жалғастыра алмаймыз», - деді кәсіпкерлер.

Спикерлер пандемия кезінде ведомствоаралық комиссия арқылы Өзбекстаннан шетелдік жұмыс күшін квотасыз әкелуге қалай рұқсат етілгенін еске салды.

«Шетелдік жұмыс күшін әкелу тәртібін жеңілдетуді сұраймыз. Біздің өңірде кем дегенде пилоттық жоба ретінде төртінші санаттағы жұмыс күшін Өзбекстаннан әкелудің жеңілдетілген ережелерін қабылдаса", - деген ұсынысты жұмыс берушілер атап өтті.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында ұсынысты қолдап, "Атамекен" ҚР ҰКП жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаментімен бірлесіп инженерлік-техникалық және желілік құрам бойынша шетелдік жұмыс күштерін квоталау мәселесін пысықтауға ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер