astana-view

Екібастұздағы апатты жою жөніндегі жедел штаб жұмысын жалғастырып жатыр

2022 жылғы 06 Желтоқсан
- Павлодар облысы
5710 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Екібастұз қаласында апатты жағдайдан мүлкі бүлінген бизнес субъектілеріне арналған алгоритмді әзірледі.
27 қарашада Павлодар облысы әкімдігі Екібастұз ЖЭО және Екібастұз қаласының жылу желілерінде апатты жою жөніндегі облыстық жедел штаб құру туралы қаулы қабылдады. Оған штаб басшысы ретінде сол кезде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, сондай-ақ штаб басшысының екі орынбасары: сол кезде облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук және ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев кірді.
Штабқа Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев, қала прокуроры Сержан Теміров, Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев, Екібастұз ТЖ басқармасының бастығы Дәулет Куконев, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов, білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказин, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бастығы Балтабай Қаппасов, сондай-ақ, «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесин және «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС бас директоры Павел Мельничук мүше болды.

«Біз кәсіпкерлерге бүлінген мүлікке өтемақы алуға құжаттар тапсыру алгоритмін әзірледік», – деді Павлодар облысы ӨКП директорының орынбасары Серік Әубәкіров.

Бизнес өкілдерінің әрекет ету алгоритмі:
   1.  «жедел желінің» 280928, 282028 нөмірлері және 1432 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарлау, сонымен қатар «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешеніне 339187, 338921, 338944 және тұрғын инспекциясына 87002997806 қоңырау шалу.
2. бүлінген мүлікті видеоға түсіріп алу (түсірілім кезінде нысанның мекенжайы, күні, уақыты, куәгерлерді атап өту);
3. жарамсыз тауар, материалдар, жабдық және басқа да заттарды растайтын құжаттарды қоса беру;
4. барлық тауарды фото, видеоға түсіру;
5. комиссия құрамында қарапайым жазбаша формада залал тізімі бар қағазға қосымша акт жасау; құрамға кемінде 3 мүшені (егер бизнес субъекті көппәтерлі үйде болса, онда ПИК немесе МИБ төрағасы, үй бойынша жауапты, слесарь және т. б. қатысуымен жүргіуз) қосу маңызды;
6. құжаттарды әкімдік бұрын көрсеткен жылыту пунктері мекенжайлары бойынша тапсыру; бұл ретте құжаттардың қабылданғаны туралы белгі жасалатын екінші данасы болуы керек; комиссия мүшелерінің аты-жөні, байланыс деректерін көрсету міндетті.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына  техногендік апаттан зардап шеккен бизнес субъектілері мынадай мәселеде көмек көрсетуді сұрайды:
- шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу бойынша кейінге қалдыру;
- жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мүлік салығын төлеуден босату;
- өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және басқа да мәселелер.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы мүлкі бүлінген бизнеске осы көмек шараларын қолдану қаланың кәсіпкерлік саласына осы қиын кезеңнен жеңіл өтуге көмектеседі деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер