astana-view

Ақтөбе облысында кәсіпкерлердің құқықтары 60 млн теңгеге қорғалды

2022 жылғы 26 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
5977 просмотров

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында бизнесмендердің құқықтарын қорғау желісі бойынша жұмыстарын қорытындыланды. ӨКП директоры Дана Бекбауованың айтуынша, 100 өтініштің 89% - ы оң шешімін тапқан.

Облыс кәсіпкерлері мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, салық салу және АӨК саласындағы мәселелер бойынша жиі жүгінген.

«Жыл басынан бері палатаға бизнесті қорғау желісі бойынша 103 өтініш келіп түсті, оның 92-сі оң шешім тапты, қалғандары қаралып жатыр. Жалпы сомасы 60,6 млн теңгеге 18 кәсіпкердің мүліктік құқықтары қорғалды. Жүйелі мәселелер кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралады. 6 отырыс өткізіліп, 12 мәселе қаралды. Төрт әкімшілік кедергілер анықталды. «Бизнесті қорғаудың экожүйесі» ҰКП жобасы аясында прокуратура органдарымен тығыз өзара іс–қимылға баса назар аударылды», — деп атап өтті «Атамекен» ӨКП директоры Дана Бекбауова.

Атап айтқанда, бұл мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі, әкімшілік, қылмыстық практика және т.б. сияқты түрлі салалардағы бірлескен талдау. Жұмыс топтарының отырыстарында талқыланатын проблемалық мәселелер анықталады, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірленеді. «Атамекен» өңірлік палатасы прокуратура органдарымен, ҚСжАЕК Ақтөбе облысы бойынша басқармасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс топтарын құрды. Олардың құрамында өңірлік кеңестің, кәсіпкерлер палатасының құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің, адвокаттық және заң қоғамдастықтарының өкілдері бар.

«Сондай-ақ, өңірлік «Атамекен» жанынан «Прокурор кабинеті» ашылды. Қадағалау органының өкілдерімен бірлесіп бес қабылдау өткізілді, оның ішінде облыс прокурорының қатысуымен. Мысалы, бірлескен жұмыс нәтижесінде Мұғалжар ауданының білім бөліміне қатысты «Наурыз» ЖК мәселесі шешілді. Олар тапсырыс беруші ретінде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес орындалған жұмыстар үшін орындаушыға 5,7 миллион теңге төлемеген», — деп қосты Дана Бекбауова.

Тағы бір мысал, «Құмсай» шаруа қожалығының қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттерін орындамауында көрсетілген қылмыстық қудалау органдарының дәрменсіз жұмысы фактісі бойынша құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауға жәрдемдесу туралы мәселесі оң шешімін тапты. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының Астана ауданының прокуратурасына қосымша тергеу жүргізу және іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішхат енгізілді.

Ал Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтың көмегімен Облыстың мемлекеттік кірістер органдары өздерінің іс-әрекеттерін негізсіз деп таныды және белгісіз тұлғалардың осы серіктестіктің тіркеу деректерін пайдалана отырып, ЕАЭО тауарларын заңсыз әкелу фактісі бойынша ҚҚС төлемеуі түріндегі пайда болған берешек бойынша 5 миллион теңгеден астам сомаға "Fora Trade" ЖШС қойған хабарламаны кері қайтарып алды.

Кәсіпкерлерге консультациялық-құқықтық көмек көрсету мақсатында прокуратура, МКД, жер қатынастары бөлімі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, қаржы институттары мен банктер өкілдерінің, медиаторлардың, адвокаттар мен заңгерлердің қатысуымен Ашық есік күндері жие өткізілуде.

Палата бизнес субъектілеріне заңды құқықтары бұзылған жағдайда міндетті түрде «Атамекенге», облыстың барлық аудандарында жұмыс істейтін филиалдарына жүгінуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер