astana-view

Лондон бизнес мектебі мен павлодарлық «Атамекен» кәсіпкерлер үшін тренинг ұйымдастырды

2023 жылғы 05 Қаңтар
- Павлодар облысы
7085 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес нетворкинг бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгерлеріне (тәжірибелі кәсіпкер-тәлімгерлердің қамқорлығындағы іскер әйелдер) қосымша оқыту аяқталды. Лондон бизнес мектебімен бірлесіп жұмыс істеуге бірнеше ай қажет болды.

Аталмыш жобаның Павлодар облысы бойынша кураторы «Атамекен» Павлодар ӨКП Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Жәмилә Ерназарова болды.

«Желіде жұмыс істеу дағдылары - шағын бизнесті алға жылжытудың ең тиімді технологияларының бірі болып табылады. Ал оларды пайдалана білу кез келген кәсіпкерге өте пайдалы болады», – дейді Ж. Ерназарова.

Осы оқуды аяқтағандарға сертификаттар табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер