astana-view

 «Жайлы мектеп» жобасына қатысу үшін жиһаз өндірушілерде индустриялық сертификат болуы керек

2023 жылғы 17 Қаңтар
7984 просмотров

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде отандық тауар өндірушілерді тарту көзделген.

Ұлттық жобаның негізгі талабы - «Самұрық-Қазына» АҚ тауар өндірушілерінің тізілімі немесе  Индустриялық сертификат негізінде отандық өндірушілердің тізілімі арқылы жиһаз сатып алуды жүзеге асыру.

Жиһаз өндірушілер ұлттық жобаға қатысуға ниетті болса Индустриялық сертификат алуы қажет. Индустриялық сертификатқа өтінім беру туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://atameken.kz/kk/pages/886-industrial-naya-sertifikaciya  

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге бағытталған. Оқу-ағарту министрлігінің деректері бойынша 2026 жылға дейін оқушы орындарының тапшылығы болжамы 1,14 млн құрайды, осыған байланысты екі ауысымда 800 мың оқушы орнын жабатын бірыңғай құрылыс және жабдықтау стандартын қолдана отырып, жаңа форматтағы 401 мектеп салу жоспарланған. 2026 жылға дейін 1,15 млн орынды қамтамасыз ету көзделген.

 Ұлттық жобаны іске асыруға Ұлттық қор қаражатынан 2,1 трлн теңге бөлінді.

 

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер