astana-view

Электр қуатымен жабдықтау мәселесі ауыл шаруашылығын дамытуға кедергі

2023 жылғы 18 Қаңтар
- Атырау облысы
8373 просмотров


Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған АӨК және тамақ өнеркәсібі комитетінің отырысында шаруа қожалықтарының басшылары мәлімдеді.

Кеңеске жергілікті атқарушы органдар, монополист-кәсіпорындар, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі және облыс орталығының аумағында қызметін жүзеге асыратын шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – электр қуатымен жабдықтауға байланысты проблема.

«Бұл мәселелер бірінші рет көтеріліп жатқан жоқ. Шаруа қожалықтары қашар, фермаларда электр қуатының болмауына шағымданып жатыр. Электр желсіне қосылу құны және тарифтер қымбат. Біз кәсіпкерлердің талап-тілегін орын деп санаймыз, сондықтан бүгінгі талқылауға мүдделі тараптарды шақырып,бірлесіп проблеманыі шешіміне тапқымыз келеді», – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Омаров. 

 Шаруалардың айтуынша, электр энергиясымен қамтамасыз ету және электр энергиясына тарифтерді төмендету мәселелерін оң шешпей, ауыл шаруашылығының қандай да бір дамуы туралы сөз қозғалмауы керек. Қазіргі кезде шаруа қожалықтары жылдар бойы қызметін бастай алмай немесе қымбат қосылу тарифтері мен электрмен жабдықтау қызметтеріне байланысты шығынға ұшырауға мәжбүр болған фактілер жиі кездеседі.

«Менің шаруашылығым Қайыршақты ауылдық округінде орналасқан. Өткен жылдың маусым айынан бастап бізді электрмен жабдықтау желілеріне қосу туралы мәселені көтердік. Бұл мәселені облыс әкімімен кездесуде де айттық. Комиссия келіп, біздің учаскелерімізді қарады, бірақ әлі нәтиже жоқ. Бізден 500 метр қашықтықта Атырау мұнай өңдеу зауытына қарай электр желілері өтеді. Барлығы 10-ға жуық шаруа қожалығы бар, бәріміз электр қуатынсыз отырамыз, бұл үлкен проблема», – деді «Ербол» ШҚ басшысы Ербол Ахметов.

Тура осындай жағдай «Жиенгари» шаруа қожалығында орын алған. Қожалық жетекшісі Айтолқын Досжанованың айтуынша, 2017 жылдан бастап кәсіпкер түрлі инстанцияларға жүгінді, бірақ бүгінгі күнге дейін электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

«Шаруа қожалығым өзен бойында орналасқандықтан электр қуатына қосылу қымбат болады деп сылтау айтты. Дегенмен бекіре зауыты біздің бір жағымызда, екінші жағынан электр қуатын пайдаланатын ферма бар. Олар тек қағаз жүзінде жауап береді, ешкім келмеді, қарамады», – деп шағымданды кәсіпкер.

Кәсіпкердің сұрағына «Атырау-Жарық» АҚ президенті Мейірбек Губашев жауап берді. Ол шаруа қожалығына барып, жағдайды түсіндіргенін айтты. 

«Біздегі әлеует бойынша сізге жақын ең жақын нүкте Еркінқала ауылы. Техникалық шартты сізге жібердік, түсіндірдік, қожалық су қоймасына жықын орналасқандықтан онда арнайы талаптар бар. Мәселені әкімдік арқылы шешу керек. Рұқсат алсаңыз, біз қосуға дайынбыз», – деді Мейірбек Губашев.

Монополиялық кәсіпорынның басшысы қосу нүктелерінің қашықтығына қатысты көптеген шағым барын айтты. Оның айтуынша, себебі жақын маңдағы электр желілері толық қуатта жұмыс істейді. Бастапқыда үлкен қуатқа арналған желілерді құру үшін қолданыстағы Құрылыс нормалары мен қағидаларын өзгерту қажет.

Отырыс барысында Қайыршахтинск ауыл округының шаруашылықтары қала әкімін тартылып жатқан инфрақұрылым үшін алғыс айтты. Алайда шаруалар электр желісін қожалыққа өз есебінен тартады. Қосылу қымбат. Фермерлер электр энергиясының қолданыстағы тарифтерімен келіспейді, сондықтан оларды төмендету бағытында қайта қарауды сұрайды. Сондай-ақ оларға инфрақұрылымды жүргізу кезінде мемлекеттің көмегі қажет. Айтылған мәселелер мүмкіндігінше тезірек шешілуі керек, әйтпесе шаруа қожалықтары одан әрі дами алмайды.

Жиынды қорытындылай келе, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Омаров көтерілген барлық проблема бақылауға алынатынын және жақын арада фермерлер олар бойынша жауап алатынын атап өтті. 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер