astana-view

Қостанайда газ мәселесі екі жыл бойы шешілмей келеді

2023 жылғы 23 Қаңтар
- Қостанай облысы
7443 просмотров

Мәселе облыс және Қостанай қаласында газ жеткізу қуаттылығының болмауы салдарынан объектілерді жобалау мен салуға техникалық шарттарды беруді тоқтата тұрумен байланысты. Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылыс комитетінің отырысы өтті. Онда бизнеске бұл жағдайда не істеу керек және мемлекеттік органдар мен газ компаниясы қандай шешімдер ұсынатыны талқыланды.

2021 жылдың басынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық өндірістік филиалы газ тарату станцияларын 100% жүктеуге қол жеткізуге байланысты «Техникалық шарттарды беруді шектеу туралы» № 7 Ішкі бұйрыққа сәйкес Қостанай қаласының ГТС-2 т ГТС-3 қосылған газ тарату желілерін жобалауға және газға қосуға техникалық шарттар беруді тоқтатты.

 Бүгін кәсіпкерлер әлеуметтік және өнеркәсіптік мақсаттағы объектілерді жобалау мен салуды қалай жүргізу керегін білмейді.  Қазіргі кезде Қостанайда газ тарату желілері мен автоматты газ тарату станциясының құрылысы бойынша іске асыру жүріп жатыр. Бұл нысандар болашақта облысты газбен жаңа объектілердің жеткілікті көлеміне қажеттілікті қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ, шарт бойынша жұмыстар қашан аяқталатынын нақтылағым келеді?»,- деді  Қостанай облысы бойынша құрылысшылар қауымдастығының атқарушы директоры, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілі Ирина Викулова. Спикер ескі проблеманы шешуді жеделдету үшін қандай шара қабылданып жатқанын сұрады.

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық өндірістік филиалының өкілі Қанат Ерленұлы жұмыстардың аяқталғанын, бірақ станцияның өзі әлі іске қосылмағанын түсіндірді. Жұмыс күн жылығанда басталады, өйткені жылу компаниясының газ құбырынан ажырату қажет. Осыдан кейін газға қосылуға мораторий алынып тасталады. Компанияның жұмысын монополияға қарсы ведомство мұқият қадағалайды.

Қостанай облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Азамат Нариман өңір ресейлік газды алатын Қазақстанда жалғыз аймақ екенін, қалған облыстар қазақстандық желіге қосылғанын түсіндірді.
 

«Бұқара-Орал газ құбыры толығымен жүктелген, оның қуаты жетпейді. Мәселені шешудің бір жолы ретінде құбыр салып, оны Ақтөбе облысынан тартуды ұсынамыз. Қажет инвестици ялар сомасы әзірге есептелінбеді, көп шартты ескеру керек. Өңірімізді Ақтөбе және Көкшетау жақтан шеңберге алу міндеті тұр. Сол кезде ресейлік газға тәуелді болмаймыз»,- деді  Азамат Нариман.

Ирина Викулова 2021 жылы олар уақытша техникалық шарттарды алу мүмкіндігі болуы үшін НҚА-ға бірлесіп түзетулер енгізу үшін газ қызметкерлеріне жүгінгенін атап өтті. Рұқсат берудің бұл нұсқасы көлемдерді алдын-ала брондауға мүмкіндік берер еді. Бұл норма жобалық ұйымдар мен инвесторларға жобаларды әзірлеуді тоқтатпауға мүмкіндік береді. Бірақ олар бизнес ұсыныстарына жауап бермеді.

Кәсіпкерлер газ қызметкерлеріне бөлінген газдың толық көлемін пайдаланбайтын компаниялардан берілген техникалық шарттарға тексеру жүргізуді, артық мөлшерін алу және қайта бөлуді ұсынды.

«Қала бойынша қанша техникалық шарттар берілгенін тексеру керек. Кабинеттен кабинетке құжаттар өте ұзақ жүреді. Бұл бюрократияны жою керек», - дедә «ОРТ» базарының иесі Айтжан Есенгелдинов.

 Газдың кешілдеуі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың да жұмысын тежеп отыр.

«2019 жылы біз 490 текше метр газға техникалық шарттар алдық. Бүгін біз гады тұтыну көлемін арттырмай қосымша жабдық орнатуға рұқсат сұраймыз. Бірақ өтінішіміз екі рет қаралмады», - деді  «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС директорының м.а. Николай Рожко. Кәсіпкер зауыттың бас тартуына байланысты өңдеуді тереңдету жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары бұл мәселені толық шешілгенге дейін әртүрлі форматта талқылауға дайын екенін атап өтті. Құрылысшылар қауымдастығы мен ӨКП газ компаниясының қызметкерлерімен бірге жұмысты жеңілдету және қолда бар мәселелерді біртіндеп шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге дайын.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер