astana-view

«Бизнесті қорғау экожүйесі» жобасында мемлекеттік органдармен ынтымақтастыққа басымдық берілген

2023 жылғы 24 Қаңтар
- Қостанай облысы
8282 просмотров

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және Қостанай облысы әкімдігімен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Шарада бизнестің түйткілді мәселелері талқыланып, шешу жолдары белгіленді.

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Айдарбек Қожаназаров Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында былтыр жаңа тәсілдер енгізілгенін, соның көмегімен көптеген бағыт бойынша жұмыстар жақсарғанын атап өтті. Мәселен, өңір алғашқылардың бірі болып шағын және орта бизнесті қолдауға берілген 1 млрд теңгені игерді және кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша лидер болды.

 Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі жұмыс «бизнесті қорғаудың экожүйесі» жобасы шеңберінде қайта құрылғанын атап өту қажет. Мұндағы басты назар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға аударылды. Бұл «бизнесті мемлекеттік мүддесінің назарына қою» қағидатын іске асыруға толық сәйкес келеді.

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас басым міндеттердің бірі – ісіпкерлік қызметті тежейтін барлық жасанды кедергі мен шектеулерді жою екенін атап өтті. Мемлекеттік аппараттың ашықтығы, бюрократиясы, артық талаптар қою, бизнесті ашу мен жүргізудің күрделілігі, заңнаманың жетілмегендігі – мұның бәрі түрлі сыбайлас жемқорлық схемаларын заңсыз шешуге негіз болып отыр.

 Бұл бағыттағы жұмыс бизнес-қоғамдастық және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта жүргізілетін болады және қазірдің өзінде нәтижесі көрініп жатыр. Тұрақты негізде бірқатар бизнес-салаға кешенді талдау жүргізіледі, бизнеске жер бөлу, инфрақұрылымды жүргізу, кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың ашықтығы және кредиттік ресурстардың қолжетімділігі мәселелері зерделенеді.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов мемлекеттік органдар мен бизнес бірлесіп сапалы өзара іс-қимыл жасап, түйткілді мәселелерді жедел шешу үшін пәрменді тәсілдерді әзірлеуі тиіс екенін атап өтті. Бұл шара өңірдің іскерлік климатына тікелей әсер етеді.

 Кеңесте газға қосылудың техникалық шарттарын алудың жақында талқыланған мәселесіне қатысты кәсіпкерлердің өтініштері қаралды. Сондай-ақ екі өтініш – жер мәселелеріне қатысты.

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаевтың айтуынша, қол қойылған меморандум аясында бизнестің мүддесі қозғалатын салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл талдауды Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының білікті сарапшыларының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп құрылған жұмыс топтары жүргізеді.

Былтыр Палата сарапшылары 90 әкімшілік кедергіні анықтағанын атап өткен жөн. Оның 25-і толық жойылды, қалғаны қаралу үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер