astana-view

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту

2023 жылғы 28 Қаңтар
- Ұлытау облысы
6975 просмотров

«Хабар» агенттігінің түсірілім тобы Жаңаарқаға келді 

«Хабар» агенттігінің түсірілім тобы Жаңаарқа  келіп Талдыбұлақ селолық округіне қарасты «Әлібек» шаруа қожалығында болды. Қожалықтың иесі -  Жетпіс Пазылұлы Тұтқабеков. 


 

Сондай-ақ түсірілім тобы Жаңаарқа кентінде орналасқан жеке кәсіпкер Дәметкен Майбасоваға тиесілі  «Әлия» супермакетінде болып, аудан тұрғындарын көмір отынымен қамтамасыз етіп отырған  «Мирас» ЖК жетекшісі  Жандос Абжановпен жолығып, Манас  Орынбай шебер дөңгелетіп отырған Орынбай селолық округіне қарасты «Бекарыс» шаруа қожалығына атбасын бұрды.  
 

 

Шаруасы шалқыған шаруа қожалықтары мен тасы өрге домалаған кәсіпкерлік иелерінің қарбаласқа толы тынымды тірлігін көрсете отырып, елімізде жеке кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан жасалып жатқан  мол мүмкіндіктер мен қомақты қолдаулар кеңінен  тарқатылды. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде  жеңілдетілген несие алуы, субсидияның берілу тәртібі  де қаузалды. Өңірімізде жеке кәсіпкерліктің және ауыл шаруашылығының дамуына қосып жатқан игі істеріңізге сәттілік тілейміз.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер