astana-view

Ұлытау облысы КПБ-да меморандумға салтанатты қол қойылды

2023 жылғы 02 Ақпан
- Ұлытау облысы
9571 просмотров

 

Ұлытау облысы бойынша ӨҚП өкілдігі мен Ұлытау облысының кірістер департаменті салтанатты түрде бірлескен меморандумға қол қойды. 
Жиында сөз алған ӨҚП
Ұлытау облысы бойынша өкілдігі Төрағасының м.а. Гүлмира Қаженова мен Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы  Ғалымжан Орынов  меморандумның маңыздылығына тоқталып, облыста кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға серпін береріне сенім білдірді.

Семинар-кеңеске ұласқан кездесуде Ұлытау облысының бизнес қауымдастығына салық кодексіндегі өзгерістер мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі хақында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, "Медициналық сақтандыру қоры" ҮЕАҚ Ұлытау облысы филиалы директорының орынбасары Абылайхан Рахымов кәсіпкерлер 2023 жылдан бастан МӘМСке қанша төлеу керектігін алға тартып, МӘМСтің мүмкіндіктері жайында тереңінен қозғады.  Сондай-ақ, бизнес өкілдерінің сұрақтарына тұщымды жауап берді. Мемдекеттік кірістер департаментінің мамандары салық төлеу тәртібі мен бірыңғай реестрді жүргізу, шетелден тауар кіргізу, акциздік өнімдерді саудалауға қатысты мол мағлұмат берді.
Бизнес өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер