astana-view

Астаналықтар Алакөлге дейін Тальгомен қатынай алады

2023 жылғы 03 Наурыз
10781 просмотров

Биыл Алакөл көлі бағытында өткен жылдың барлық бағыты сақталады. Сонымен қатар Алкөлге алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызын қосу жоспарланған.

Бұл туралы жазғы маусымда жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңес барысында белгілі болды. Жиынға «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және туристік фирмалар мен салалық қауымдастықтар арасынан жұмыс тобының өкілдері қатысты.

Дазғы демалыс науқанына жөрдек пойызды қосу туарлы ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов бөлісті.

«Туристік бизнес өкілдері  Астанадан Алакөл көліне дейінгі вагондарға қажеттілік барын айтып, «Тальго» форматындағы жөрдек пойызды ұйымдастыруды сұрады. Өткен жылы барлығы көлге қарай 11 бағыт ұйымдастырдық. Соның ішінде 3 бағыт Астанадан, 5 бағыт Алматыдан, 2 бағыт ШҚО мен Абай облысынан болды», – деді Жәнібек Тайжанов.

Алакөл көлі бағытындағы тасымалдардың жалпы көлемі 2022 жылы 243 мың адамды құрады. Үлкен ағын елдің оңтүстік аймағынан байқалады – 118 мың адам тасымалданды. Солтүстік аймақтан көлге қарай және кері 72 мың жолаушы тасымалданды, ШҚО-дан 52 мыңға жуық қазақстандық тасымалданды. 2023 жылы орындар санын 276 мың орынға дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға немесе 16 мың орынға артық көрсеткіш.

Сонымен қатар, туроператорлар үшін туристерді тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында поезд жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап коммерциялық поездарға билеттерді ерте брондау тәртібі қолданыла бастайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов 2022 жылы бірқатар мәселе шешілгеніне қарамастан, бизнесте әлі де проблемалар бар екенін атап өтті. Негізінен туристік нарық вагондардың сапасы, кондиционерлеу жүйесімен жабдықтаудың болмауына қатысты шағым айтқан. Жолаушылар пойыздары бойынша вагон паркін жаңарту, туристік кластағы пойыздарды қалыптастыруға қажеттілік бар.

«Алакөлдің шығыс жағалауына дейінгі автожолдар әлі де жөнделіп жатыр. Авиабилеттердің жоғары баға саясатын және әуе рейстерінің шектеулі санын ескерсек, туристер үшін ең оңтайлы қозғалыс тәсілі теміржол қатынасы болып қала береді. Көліктің бұл түрін сұраныстың артуына байланысты жылдан жылға ұлғайу қажет», – деді Мақсат Қиқымов.

Қазақстандық туризм индустриясы қауымдастығының төрайымы Мунирам Ахметова турбизнес атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан шешуді талап ететін бірқатар мәселені ұсынды.

«Бізде көптеген сұрақ туындайды, ал осындай жұмыс жиналыстарының көмегімен олардың шешімін табуға болады. Алакөл көліне жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі тілектер арасында мыналарды атап өткім келеді: пойыз қозғалысының кестесін оңтайландыру, ескі вагондарды жақсарту, ауыстыру және кондиционерлермен жабдықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру, Шымкент және Павлодар қалаларынан Алакөлге, станцияға немесе кенттерге рейстерді жалғастыру, билет сату бойынша касса ұйымдастыру», –деп атап өтті Мунирам Ахметова.

Туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова өткен жылы туроператорлар үшін ерте брондау қағидаларын бекіту бойынша жұмыс тәжірибесін ескере отырып, интермодальды тасымалдауды дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды.

Бұл ұсынысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қолдады, Алдағы уақытта Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан жергілікті әкімдіктер, авиа және автобус ұйымдарымен бірлесіп интермодальдық тасымалдарды қалыптастыру жөніндегі жобалар қаралатын болады.

Жиынды қорытындылай келе, Жәнібек Тайжанов туристерді тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысқа белсенді қатысқаны үшін қатысушыларға алғысын білдірді, сондай-ақ барлық айтылған мәселе мен ұсыныстар компанияның бақылауында болатынына сендірді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер