astana-view

Бизнес үшін 15 мыңнан астам реттеуші кедергілер жойылады

2023 жылғы 09 Наурыз
- Шымкент қаласы
10895 просмотров

«AMANAT» партиясының сайлауалды штабының жұмысы аясында Шымкент қаласының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков мықты, тұрақты кәсіпкерлік мәдениетті дамыту, түсінікті ережелермен бизнес-ортаны қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Адал бәсекелестік ортаны дамыту үшін Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы партиямен бірлесіп заңнамалық деңгейде кедергілерді азайту бойынша жұмысты жалғастырады», - деді Тимур Нақыпбеков.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия бизнесті жүргізудің қарапайым ережелерін қамтамасыз етуге ұмтылатынын атап өтті.

«Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканың күшіне сенімдіміз. Палатамен бірлесіп, 2027 жылға дейін кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергілерді жоямыз», - деді Ерлан Қошанов.

Спикер шағын және орта бизнес үшін елде бизнес жүргізу бойынша түсінікті және болжамды ережелерді қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер