astana-view

Отандық кәсіпкерлер «Жайлы мектеп» операторына өнімін таныстыра алады

2023 жылғы 17 Наурыз
24979 просмотров

Отандық кәсіпкерлер «Жайлы мектеп» операторына өз өнімін таныстыра алады

Отандық құрылыс материалдары мен мектеп жиһазын өндірушілер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде мектеп құрылысын материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі көрмеге қатыса алады.

Көрме 24 наурызда Астанада өтеді. Ұйымдастырушы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Көрмеге Білім министрлігі мен Samruk-Kazyna Construction, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) өкілдері шақырылды.

 «Көрме – жабдықтар мен өнімдерді ұсыну, жергілікті әлеует құрылысқа қажетті көлемді жабу үшін жеткілікті болатынын көрсету мүмкіндігі. «Жайлы мектеп» жобасы үлкен мультипликативті әсер береді. Өйткені отандық кәсіпорындар зауыттармен ғана емес, сонымен қатар карьерлер, фабрикалар, логистика, жабдықтарға қызмет көрсететін компаниялармен де жұмыс істейді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

 Көрмеге меткеп жиһазы, жылу оқшаулағыш және сыртқы қаптау материалдары, керамикалық плиткалар, қабырға материалдары, арматура, кабель-өткізгіш өнімдер, жылыту жабдықтары, құбырлар (темір, пластик), есептеу аспаптары (есептегіштер), құрғақ құрылыс қоспалары, терезе-есік профилі, ішкі және сыртқы есіктер және мектеп құрылысына арналған басқа да құрылыс материалдарын өндірушілер қатыса алады.

 Көрмеге қатысу үшін деректерді мына поштаға жіберуді сұраймыз: b.kasenov.b@miid.gov.kz.

ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер