astana-view

Кәсіпкерлер креатив индустрияға қатысты заң жобасына реттеуші саясаттың консультатив құжатын талқылайды

2023 жылғы 27 Наурыз
6035 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креатив индустрияны қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын  бойынша ұсыныс жіберуге болатынын хабарлайды.  Құжат бойынша ескертпелер болса, кәсіпкерлер өз ұсынысын жібере алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында креатив индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

 Президенттің тапсырмасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігі президенттің тапсырмасын, оның ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатының (бұдан әрі – РСКҚ) жобасын іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасады.

Реттеуші саясаттың консультативтік құжатының түйткілді мәселелері: 

  1. Креатив (шығармашыл) жастар әлеуеті мемлекеттік саясаттан тыс қалып отыр;
  2. Креатив индустрия Қазақстанда стихиялы және жүйесіз, ұзақ мерзімді дамудың нақты бағдарлары жоқ, ал мемлекет осы процестің пассивті бақылаушысы болып отыр.

Осы мәселелерді шешімі мынадай шаралар ұсынылды:

  1. Креатив индустрияны қолдау қорын құру;
  2. Креатив индустрия саласында қызметтер экспортын жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін ерекше құқықтық режимін енгізу;
  3. Көші-қон жеңілдіктері;
  4. Мемлекеттік мүлікке қолжетімділік
  5. Әскерден босату;
  6. Өзін-өзі реттеуді енгізу;
  7. Креатив индустрияның өнімдерін қазақстандық өндіріске жатқызу критерийлерін белгілеу;
  8. Креатив индустрия субъектілері үшін зияткерлік меншік құқығы саласындағы патенттік сенім білдірілген өкілдер мен консультанттар қызметтерінің құнын өтеу механизмін енгізу;
  9. Авторлық құқық және зияткерлік меншіктің жекелеген объектілерін тіркеу жүйесін монополиясыздандыру;
  10. Өндірістік орталықтардың статусын бекіту;
  11. Креатив индустрияның бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
  12. Мемлекеттік бюджет немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын пайдалана отырып құрылған венчурлік қорлардың қызметін заңнамалық реттеу.

ҰКП алаңында креатив индустрияны қолдау мәселелері бойынша реттеуші саясаттың консультативтік құжат жобабаларын креатив индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрықты, сондай-ақ «жеке кәсіпкерлік субъектілерін креатив индустрия субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы» қаулыны онлайн талқылау жоспарланып отырғанын қосымша хабарлаймыз.  

Реттеуші саясаттың консультативтік құжат жобасына (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14454300) қатысты ұсыныстар болса, ақпаратты 2023 жылдың 5 сәуіріне дейін «Атамекен» ҚР ҰКП туризм департаментіне мына эл. поштаға жіберуді сұраймыз: a.shaymukhanova@atameken.kz, тел. 919 354

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер