astana-view

Супермаркеттер сөрелердің жартысын отандық тауармен толтыруға міндеттеледі

2023 жылғы 27 Наурыз
6395 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықты ішкі сауда субъектілеріне жаңа міндеттемені енгізуге қатысты қоғамдық талқылауға шақырады.

Сауда министрлігі 28 наурызда ішкі сауда субъектілеріне қатысты міндеттемені енгізуге қатысты қоғамдық талқылау өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты ҰКП кәсіпкерлерден реттеуші құралды қоғамдық талқылауға белсенді қатысуды сұрайды.

Елдің сауда желілері отандық азық-түлік өнімдерін өндірушілер үшін сауда сөрелерінің кемінде 50%-ын және «Made in kz» азық-түлік емес тауарлары үшін кемінде 10%-ын қамтамасыз етуге міндеттеледі.

 Бұған дейін 2023-2024 жылдарға «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу бойынша жол картасы бекітілді. Құжат шеңберінде ішкі сауда субъектілеріне сөрелерде отандық өндірістің азық-түлік тауарларының  кемінде 50%-ын, отандық өндірістің азық-түлік емес тауарларын кемінде 10%-ын қамтамасыз ету міндетін енгізу қарастырылған.

 Жоба отандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілету және отандық өндірісті ынталандыру, дамыту механизмін құруға бағытталған.

Қоғамдық талқылау 2023 жылғы 28 наурызда сағат 15:00-де Астана қаласының уақыты бойынша ZOOM онлайн-платформасында өтеді.

Қатысу үшін кандидаттың аты-жөні байланыс деректерін көрсете отырып, өтінімді мына  электрон поштаға жіберу қажет:  g.nurbaeva@mti.gov.kz. Байланыс телефоны: 8 (7172) 75-06-92


Еншілес ұйымдар

Серіктестер