astana-view

«Жайлы мектеп»: Ұлттық палата өкілдері мектеп қасбетін безендіру комиссиясы құрамына кірмей қалды

2023 жылғы 01 Сәуір
32738 просмотров

Дереккөз: otyrar.kz

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ 17 наурызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептерінің қасбетін түсті безендіруге конкурс жариялады. Осы консурстың нәтижесіне отандық өндірушілердің ұлттық жобаны іске асыруға қатысуы және мектептерді салу үшін қандай сапалы материалдар пайдаланылатынына байланысты.

«Жайлы мектеп» жобасының қасбетін безендіруге арналған ашық конкурсты өткізу тәртібіне сәйкес конкурстың қазылар алқасы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы, басқарма төрағасының орынбасарлары, білім министрлігі, білім беру қоғамдастығының өкілдері және басқа да тұлғалардан құралған.

 Алайда байқау комиссиясы құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерін қосу туралы қандай да бір ақпарат жоқ.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жылу панельдері, кірпіш, травертин, басқа да заманауи панельдер, сұйық материалдардан жасалған әрлеу және басқа да сыртқы қасбетке арналған тауар шығаратын отандық тауар өндірушілердің кең ауқымы конкурсқа қатысу қажеттілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді.

VIII сайланған Парламенттің бірінші ашық сессиясында Мемлекет басшысы бизнесті дамытудың негізгі басымдықтарын атап, кезекті рет  «өз әлеуетіміз жететін нәрселер – шикізат, мамандар және технологиялармен өзімізді қамтамасыз етуіміз қажет» екенін айтты.

Бұл ретте, 24 наурызда отандық тауар өндірушілер көрмесінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов ведомство отандық материалдарды пайдалануға баса назар аударатынын, отандық материалдардың жоғары сапасын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара аясында кәсіпкерлер ұлттық жобаны іске асыру кезінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалану бойынша кепілдіктердің болмауына байланысты түйіткілді мәселелерді көтерді.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амриннің айтуынша, бүгінде Қазақстанда отандық өндіріс болғанына қарамастан  импорттық тауарларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған. ҰКП отандық кәсіпкерлерді қорғау ретінде импорт қолданатындарға 15% айыппұл салуды ұсынды. Бұл бастама жоба операторы деңгейінде әлі де қолдау таппады.

«Бізде жыл сайын орта есеппен 1,1 млрд доллардан астам сомаға құрылыс материалдары мен жиһаз импортталады. Бұл ретте ұлттық жоба шеңберінде құрылысқа қажетті негізгі бөлігін ел ішінде өндірп жатырмыз», – деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

 Анықтама:

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жоба ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы қаулысымен бекітілді.

Жоба көмегімен үшінші ауысымды толығымен алып тастау және 225 мыңға жуық оқушы орынның тапшылығын жою жоспарланған.

Осы жобаны іске асыру бойынша бірыңғай оператор ретінде «Samruk-Kazyna Construction» анықталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер