astana-view

«Атамекен» ҰКП ҚҚС-ті қайтарау қағидаларын қайта қарау бойынша бастама көтерді

2023 жылғы 06 Сәуір
10510 просмотров

Дереккөз: mgorod.kz

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, ҚҚС қайтаруды қайта қарауды талқылауға бастамашы болды. Осыған байланысты критерийлер немесе ҚҚС қайтару қағидалары бойынша ұсыныстар болған жағдайда, кәсіпкерлер оларды мына электрон поштаға жібере алады:  tax.dep@atameken.kz.

Еске салсақ, өткен жылдың наурызында Қаржы министрлігі бизнес-қоғамдастықпен талқылау өткізбей, Салық кодексі мен «Құқықтық актілер туралы» заңның ережелеріне қайшы келетін ҚҚС қайтару бойынша жаңа қағидаларды қабылдады. Бұл жайт мәселені түрлі деңгейде, соның ішінде «таза парақтан реттеу» жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде бірнеше рет талқылауға әкелді.

Содан кейін тараптар ҚҚС-ті қайтару қағидаларына қатысты бизнестің ұсыныстары бизнес-қоғамдастықпен апта сайынғы талқылау қорытындылары бойынша пысықталатыны туралы уағдаласты. Талқылау салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы шеңберінде жүргізіледі.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер