astana-view

Абай облысының мәдениет басқармасы мен Кәсіпкерлер Палатасы тіл туралы Заңның бұзылуын болдырмау мақсатында меморандумға қол қойды

2023 жылғы 11 Сәуір
- Абай облысы
10506 просмотров

Семейде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан республикасының тіл тұралы Заңының талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша облыстық семинар өтті.

Абай облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациалық басқармасының, Абай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Абай облысы филиалының, қалалар мен аудандардың  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, бизнес субъектілерінің өкілдері қатысып отыр.

Іс-шара барысында облыстық мәдениет басқармасы Абай облысының Кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – Абай облысы бойынша орналасқан кәсіпкерлік саласындағы көрнекі ақпарат мәтіндерінде тіл және жарнама туралы қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Меморандум аясында кәсіпкерлерге осы заңнамалардың нормаларын түсіндіру, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерді анықтау және аудару бойынша әдістемелік көмек көрсету, қаланың тілдік келбетін бірізділендіру Палатаның міндеті болып табылады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің алдымызда айрықшаміндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу» - деп атап өтті. Ал егемендігіміздің басты белгілерінің бірі – азаматтардың мемлекеттік тілді, халқымыздың рухани игілігін құрметтеуі. Тіл саясаты  мемлекетіміздің ұлт саясатының ажырымас бөлігі. Осы бағытта Абай облысының кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Абай облысының кәсіпкерлер палатасының өкілі Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ҚР Тіл туралы заңының орындалуын бақылайтын арнайы комиссиясының тарапынан өткізілетін рейдттерге үнемі қатысады», –  дейді Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы төрағасының м.а.  Алия Журсымбаева.

Сонымен қатар, Алия Журсымбаева айқтандай, Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы ҚР Тіл туралы Заңының 21 бабына сәйкес бизнес өкілдеріне, жеке кәсіпкерлерге хабарландырулар, жарнама, және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде заңды түрде орналастыру туралы ақпаратты түсіндірумен айналысады.

«Қазырғы уақытта жарнамаларда көптеген заңбұзушылықтар байқалып жатады, соның негізінде халық наразылығың білдіріп, шағым түсуруде. Осы мәселелерді реттеу мақсатында меморандумға қол қойып, өзара ынтымастықта жұмыс атқаратын боламыз», –  дейді Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәдениет, өнер, тілдерді дамыту және ономастика  бөлімінің бас маманы Айгерім Байжұманова.

Сондай-ақ мәдениет басқармасы қоғамдық көлік тасымалдаушыларымен  халық арасында тілдік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу бойынша меморандум қабылдады. Меморандум мақсаты – автобустарға ілінген ақпарат пен жарнама тілін заңға сәйкес нормаға келтіру болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер