astana-view

Шымкент жер инспекциясы кәсіпкерді бизнестен айыра жаздады

2023 жылғы 12 Сәуір
- Шымкент қаласы
11027 просмотров

Жеке кәсіпкер Камила Ахмадиева - Шымкент Палатасы сотта жеңіп, жер инспекциясы иеліктен дұрыс шығарылмаған деп санаған жерге құқығын қайтаруға көмектескендердің бірі.

2016 жылы кәсіпкер дәріхана құрылысына арналған учаскені сатып алған болатын. Ағымдағы жылы ол қолданыстағы ғимаратқа қосымша жапсырма сала бастаған. Ол үшін бизнесті кеңейту мақсатында мүлікті банкке кепілге қойып, 40 млн.теңге несие алған. Осыған қарамастан, Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті оны осы жер учаскесін иесіз деп тану үшін сотқа берген. Камила Ахмадиева ол талапты негізсіз деп санап, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасына қорғау үшін жүгінді.

Палатаның заңгерлерімен кәсіпкерге толық құқықтық қолдау көрсетілді.

"Сотта біз даулы жер учаскесінде заңды негізде құрылыс нысаны тұрғызылғаны, насан мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылданған деген дәлелдер келтірдік. Қазіргі уақытта К.Ахмадиева банкке жылжымайтын мүлік кепілге қойылып, қарыз алды. Бұл учаске жеке меншік құқығында, нысанды салу үшін жалпы сомасы 120 миллион теңгеге қомақты инвестициялар күйылған. Біз К. Ахмадиеваны шарт бойынша адал сатып алушы деп тануды соттан сұрадық", - деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұргүл Смайлова.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты азаматтық істі қарау кезінде жоғарыда аталған уәждерді ескеріп, әкімдіктің қаулысын, жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы "Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті" РММ Қ.Ахмадиеваға қойған талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер