astana-view

Ақтауда «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионатының VIII өңірлік кезеңі басталды

2023 жылғы 18 Сәуір
- Маңғыстау облысы
10437 просмотров

Чемпионатқа «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіби шеберлікті дамыту және қозғалыс басқармасының, білім басқармасының қызметкерлері, жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ұйымдастыру комитетімен қатар өңірлік кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Назгүл Сарыбаева қатысты. Бұдан бөлек техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және студенттері, әлеуметтік әріптестер, ата-аналар, мектеп оқушылары да қатысты.

“Қатысушылардың жұмысын 400-ден астам сарапшы сараптайды. 73 құзыреттілік бойынша өтеді. Оның 30-ы негізгі, 43-і қосымша құзыреттілік. «WorldSkills» жобасы еліміздің әр аймағында жүргізіліп келеді. Ал қатысушыларды «Талап» КЕАҚ басқармасы іріктеуден өткізіп, алдын-ала дайындайды”,– дейді Назгүл Сарыбаева.

Бүгінде білім беру ұйымдарында және мекемелерде жарыстар аяқталып, қорытындысы бойынша жеңімпаздар жұмысшы мамандығының республикалық чемпионатының өңірлік кезеңіне қатысып, жеңімпаз атанған І орын иегері «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатына жолдама алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер