astana-view

Жамбыл облысының әкімі Өңірлік кеңесте кәсіпкерлердің мәселесін тыңдады

2023 жылғы 21 Сәуір
- Жамбыл облысы
4261 просмотров

Күн тәртібінде әкімдікпен бірлескен жоспар шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша аудан әкімдерінің, облыс әкімінің орынбасарларының, әкімдіктің салалық басқармаларының бизнес-қоғамдастықпен кездесулері және кәсіпкерлер Палатасының салалық кеңестерінің қызметі және «Zhambyl Economic Investment Forum-2023» Халықаралық инвестициялық форумына, оның ішінде «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне дайындық мәселесі көтерілді.

«Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасының қарауына 96 өтініш келіп түсті, оның 28-і құқық қорғау желісіне, 68 өтініш  экономикалық сипатта.  Кәсіпкерлердің көбі жер мәселелері, әкімшілік кедергілер, сәулет және құрылыс, тариф белгілеу, мемлекеттік сатып алуға тиесілі. Кәсіпкерлік субъектілеріне 2 341 сервистік қызмет көрсетілді,  сондай-ақ, жалпы сомасы 360 млн. теңгені құрайтын 72 бизнес-жоспар жазылды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен 544 әйелге 1 887 қызмет түрлері көрсетілді», – деп атап өтті Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев.

Жыл басынан бері облыстың барлық аудандарында кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

«Кездесулерге 650-ден астам бизнес субъектілері қатысты. Оларға аудан әкімдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, прокуратура өкілдері, ауылдық округ әкімдері және басқа да мемлекеттік органдар қатысты. Аудандарда өткізілген кездесулер барысында бизнес субъектілері тарапынан 35 проблемалық мәселелері көтерілді», – деді Палата басшысы.

Кездесулерде бизнес айтқан барлық проблемалық мәселелер Палата жанынан құрылған «Салалық кеңес» отырыстарында да қаралады. Жыл басынан бері 6 Салалық кеңестің 16 отырысы өткізілді.

Айта кетейік, 2023 жылғы 27 сәуірде «ZHEIF-2023» инвестициялық форумы аясында «Шахристан» этномәдени кешенінің «Арбат» аллеясында 100-ден астам жергілікті тауар өндірушілер қатысатын «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрме-конкурсы өтеді. Сонымен қатар, жергілікті шикізаттан жасалған «Бір ауыл - бір өнім» өңірлік тауарлар көрмесінің 40-қа жуық қатысушылары да қатысады.

«Ауқымды шара туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі салалары мен секторларында инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету мақсатына негізделуде.Оған жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 700-ден астам өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшылары, сондай-ақ, салалық министрліктердің өкілдері мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысады.Халықаралық инвестициялық форум кәсіпкерлер мен инвесторларға шетелдік және республикалық кәсіпорындар мен ұйымдармен байланыс орнату, бизнес қауымдастық арасында байланыс орнату және әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу үшін бірегей платформа ұсынады», – деп түсіндіріп өтті кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев.

Кездесу барысында аймақ басшысына Салалық кеңес пен Өңірлік кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Өңірлік Кеңестің мүшесі Ерболат Саурықов Заң жобаларын әзірлеу жұмыстарына кәсіпкерлерді белсенді араласуға шақырды, ал «Айвенго» ЖШС директоры Любовь Попова қоғамдық көліктердің жұмыс уақытына қатысты мәселені көтерді. «ТаразАвтоТрансСервис» ЖШС директоры Досан Рымтаев жол жөндеу, «Экостар-А» ЖШС директоры Әлтайыр Досымбеков «ӘКК Тараз» арқылы таңқурай өсіруге алған несиені төлеу мерзімін шегеруді өтінді, «Алима DELUX» ЖШС директоры Әлия Көмекбаева жерді жалға алу мерзімін ұзартуын сұраса, «Заурбекова А.О.» ЖК басшысы Айнұр Заурбекова колледж қабырғаларында білім беру жүйесіне өзгерістер енгзіу туралы ұсыныстарын ортағ салды.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Өңір Кеңес мүшелерімен әр тоқсан сайын кездесіп, мәселелерін тыңдауға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, әр сейбенбі инвестициялық штабтың отырысында жаңа жобаларды қарап, бизнесті жүргізуде туындайтын кедергілерді талқылауға шақырды.

Алдағы уақытта Кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған бағыттарға бастамашылық жасай отырып, бизнеспен және жергілікті билікпен жұмысын жалғастыратын болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер