astana-view

Электр самокат жүргізушісінен куәлік пен шлем талап етіледі

2023 жылғы 28 Сәуір
8504 просмотров

Қазіргі кезде ҚР Парламентінің жұмыс тобы Жол жүрісі туралы заңға түзету дайындап жатырТүзетулердің кейбірі микро мобильді көлік, соның ішінде электр сомакат жұмысына әсер етеді. Түзетулерге сәйкес, тротуарларда жүру жылдамдығы сағатына 6 км-ге дейін төмендеуі керек, ал жолға мінген кезде самокат жүргізушілері шлем киіп, кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігіне ие болуы керек. Шеринг компаниялардың иелері жаңа түзетулер олардың бизнесін тоқтатып қана қоймай, жалпы микро-мобильді көлікті даумына кері әсер етеді деп санайды.  

«Jet Sharing» ЖШС директоры Мусалав Әлибековтің айтуынша, алматылықтар күніне 130 мыңнан аса рет самокат тебеді, ал оңтүстік астанада электр самокаттар қоғамдық көлікке қосымшаға айналды.

 «Жаңа түзетулер экологиялық таза көліктің дамуын тежейді және шеринг электр самокаттардың да, жеке самокаттардың пайдаланатын, соның ішінде көліктің осы түрін жұмысты орындау үшін пайдаланатын адамдардың, әсіресе курьерлердің жұмысын қиындатады. Сонымен қатар, көлік жүргізуді үйренген адам міндетті түрде электр самокатын басқара алады деген кепіл жоқ. Сондықтан мұндай шараны заңдық базаны алдын-ала дайындамай-ақ енгізу асығыс шешім болады. Самокат жүргізушілердің құқығы бұзылады», – дейді Мусалав Әлібеков.

Спикер Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Түркия, Оңтүстік Корея сияқты елдерде тротуарларға тыйым салынбай сағатына 20-25 км/сағ шектеу бар екенін атап өтті. Қазақстанда 2017 жылы велосипедшілерге тротуарлар арқылы жүруге рұқсат етілді, бұл ретте жол бойымен жүруге куәліктің болуына қажеттілік жоқ.

Қазақстанда кикшеринг бизнесі енді ғана қарқын алып, табыс әкеле бастағаны да маңызды фактор болып отыр. Мысалы, бір ғана «Jet Sharing» компаниясының жалпы сатылымы 2 жылда 2 есе өсті. Компания Қазақстан бойынша 1200-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, ал отандық бюджетке тек өткен жылдың қорытындысы бойынша 458 млн теңгеден астам қаражат салды.

Жаңа түзетулер кикшеринг бизнесінің инвестициялық тартымдылығына ғана емес, оның Қазақстан аумағында мүлдем болмауына жағдай жасайды.

«Біз, әрине, ақылға қонымды реттеу мен қауіпсіздікті қолдаймыз. Сондықтан кикишеринг компаниялар үшін үшінші тұлғаларды міндетті сақтандыруды енгізуді ұсынамыз. Осылайша жарақат алған жағдайда жаяу жүргіншілерге өтемақы төлеуге кепілдік беріледі. Біз мұны заңнан тыс жүзеге асыруға дайынбыз», – деп қорытындылады спикер.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта самокаттарды сәйкестендіру механизмдері және олардың жылдамдығын бекітуге арналған автоматтандырылған жүйелер жоқ. Оларды құру үшін жылдамдықты белгілеудің тиісті құралдарымен жабдықтауды және полиция қызметкерлерінің санын көбейту қажет.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер