ШҚО-да алматылық кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша төлем алуға көмек көрсетілді
Өңірлік ерекшелікке қарамастан Қазақстанның барлық қаласы мен аудандарында мемлекеттік сатып алу процесінде бизнес субъектілерінің құқығы жүйелі түрде бұзылады. Мәселен, алматылық кәсіпкер Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының араласуы арқылы тапсырыс берушіден қарызын өндіріп алды.
2022 жылдың қазанында ШҚО Кәсіпкерлер палатасына «DXTSTILL» жеке кәсіпкерлігінің директоры Данил Кашура мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша төлем мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады.
«Таза Өскемен» ШЖҚ МКК алдында қабылданған міндеттемелерге сәйкес кәсіпкер 7 күн ішінде жалпы сомасы 5,5 млн теңгеге акрил сырлы бояуын жеткізген. Алайда, тапсырыс беруші төлем мерзімін кешіктірді және кәсіпкер атқарылған жұмысы үшін қаражатын алмады. Мәселе палатаға жүгінген соң шешілді.
«DXTSTILL» жеке кәсіпкерлігінің құқығын қорғау мақсатында ШҚО кәсіпкерлер палатасы «Таза Өскемен» ШЖҚ МКК-не тиісті сұрау жолдады.
«Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша берешекті уақтылы төлемеу фактісі, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің бұл мәселеде асықпауы кәсібін адал жүргізетін бизнесмендердің құқығын бұзаду. Бұл Мемлекет басшысының отандық бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған саясатына қайшы. Біз «Таза Өскемен» кәсіпорнының әрекеті заңсыз және қалыпты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіреді деп санаймыз», – деп түсіндірді ШҚО кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің бастығы Рауан Абдуллин.
«Бизнеске жол» жобасы шеңберінде әрекет ететін ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және Антикордың әрекеті нәтижесінде жеткізілген тауар үшін төлем толық көлемде өтелді. Демек «Атамекен» мен Антикор араласпаса, кәсіпкер өз ақшасын алар ма еді деген сұрақ туындайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: