Ұлттық палата үй жанындағы дүкен иелерінің проблемасын бақылауда ұстайды
Үй жанындағы дүкені бар бір топ кәсіпкер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚҚС бойынша уақтылы есепке қойылмағаны үшін айыппұл салу мәселесімен жүгінді. Кәсіпкерлермен ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов кездесті.
Еске салсақ, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бойынша шек 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендетілді. Соның салдарынан мыңдаған кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдарынан айыппұл төлеу және ҚҚС бойынша есепке тұруға қатысты хабарламалар ала бастады. Айыппұл 50 АЕК және ҚҚС есептемегенде, жұмыс кезеңі үшін айналым сомасының 15%-ын құрайды.
Үй жанындағы дүкені бар кәсіпкерлер Ұлттық палатадан осы мәселені шешу үшін орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастыруды сұрады.
Тимур Жаркеновтың айтуынша, бұл мәселе Ұлттық палатаның бақылауына алынған. Президент Әкімшілігі мен Үкімет аппаратына тиісті хаттар жолданды.
Бұдан басқа, кәсіпкерлердің қатысуымен осы мәселе бойынша кеңес өткізуді сұраумен Үкімет аппаратына хат жолданатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: