astana-view

Ақтөбеде ментордың сүйемелдеуіне кәсіпкер әйелдер іріктелді

2023 жылғы 18 Мамыр
- Ақтөбе облысы
5644 просмотров

Бұл қызмет «Мен кәсіпкер» жобасының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы бағыты бойынша іске асырылады.

Тәлімгер (ментор) сүйемелдеуіне қатысушыларды (менти) іріктеу Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында өтті. Палата жанында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмыс істейді.

Өңірдегі тәлімгер – ӨКП іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршин Айдарханова. Ол бизнес басшыларының біліктілігіне бағалау жүргізеді және оларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді.

 Ментормен жұмысқа Ақтөбеден 60 кәсіпкер әйел үмткер болды.

«Іріктеу нәтижесінде 12 әйел өтті. Мысалы, Ақмара Өтегенова үш ай бойы кәмпит карамельдерін өндіру және сатумен айналысады. Өнімнің бұл түріне жоғары сұраныс бар. Қазір бизнестің қалыптасу сатысында оған сату, өткізу нарықтары және қызметкерлерді ынталандыру бойынша білім түріндегі көмек қажет», – дейді ӘКДО менеджер-кеңесшісі Әлия Куканова.

Ментиге кандидатураны мақұлдаудың негізгі критерийлері:

  • өз бизнесін дамытуға жоғары мотивация,
  • нақты тұжырымдалған міндеттердің болуы,
  • кәсіпкерлік қоғамдастыққа қатысу деңгейі,
  • қарым-қатынас пен өзгерістерге дайындық және т. б.

«Біз іріктелген кәсіпкер әйелдермен жылдың соңына дейін жұмыс істейміз. Жұмыс консультациядан бастап бизнестің тұрақтылығы, бизнесті кеңейту, тәуекел–менеджмент және өнімді өткізу нарықтарын кеңейту мәселелерінде сараптамаға дейін, өнім желісі және бизнес-процестерді жетілдіру бойынша топтарда да, жеке де жүргізіледі. Өткен жылы «Монтордың сүйемелдеуі» қызметін 10 кәсіпкер әйел алды», – деп атап өтті ментор Күлпаршин Айдарханова.

Еске салсақ, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылдың наурызында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған болатын. Кәсіпкерлік бастамасы бар кез келген әйел өз ісін ашу және дамыту, оқу және ілгерілету мәселесімен жүгіне алады. Бір реттік консультация да, бизнесті сүйемелдеу мүмкіндігі де ұсынылады.

«Жыл басынан бері орталыққа белгілі бір қызмет түрлерін алу үшін өңірдің 170 тұрғыны жүгінді. Олардың барлығы ұсынылған қызметтер бойынша кеңес алып, қажеттіліктері бойынша сұранысын қалдырды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері сияқты бұл қызметтер де өтеусіз негізде көрсетіледі», – деп толықтырды Орталықтың менеджер-кеңесшісі Данат Сәрсенов.

Жеке кәсіп бастағысы келетін және бизнеспен айналысқысы келетін қыз-келіншектер Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 22К, 1 қабат мекенжайы бойынша жүгіне алады. Байланыс: + 7(7132)744-607, 744-619 (ішкі.1557).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер