astana-view

Кедергi тасы

2023 жылғы 25 Мамыр
- Ұлытау облысы
9232 просмотров

Серік Төрегелдиннің төрағалығымен өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында кәсіпкерлерді толғандыратын өзекті мәселелер қаралды.
Кеңесті ашқан Серік Мәкенұлы мемлекет бүгінде отандық бизнесті жан-жақты қолдайтынын атап өтті. Кәсіпкерлердің өтініштері мен шағымдарына ерекше назар аударылады. Өкінішке орай, іс жүзінде кейбір бағыттардың жетілдірілмеуіне байланысты заңнамада кәсіпкерлік сала зардап шегетін жағдайлар бар. Осындай кедергілердің бірі-салықтық әкімшілік және құқықтық қолдану тәжірибесі.
 

Отырыс жұмысында бизнес-қоғамдастықтан түскен өтініштердің бір бөлігі салықтық әкімшілік бағытына байланысты кәсіпкерлік қызметтің шектеулеріне әкеліп соғатыны айтылды. Жергілікті жерлердегі жағдайды түзету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестер шеңберінде барлық жерде күшейтілген жұмыс жүргізілуде.

 


«Кәсіпкерлердің өтініштерін талдау барлық өңірлерде салықтық әкімшілендіру саласындағы елеулі проблемалардың бірі салық органдарының салықтарды қосымша есептеуге әкеп соғатын мәмілелерді сот тәртібімен жарамсыз деп тану туралы теріс тәжірибесі болып табылатынын көрсетті. Бұл қызмет Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы бекіткен мәмілелерді жарамсыз деп танудың кейбір мәселелері туралы әдістемелік ұсынымдар жарияланғаннан кейін басталды. Күмәнді мәмілелерді анықтау үшін Мемлекеттік кірістер органдарының төмен тұрған бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру мақсатында ұсынымдар Қаржы-шаруашылық операциясының нақты жасалуының жоқтығын растау жөніндегі іс-қимыл схемасын қамтыды», - деп атап өтті ӨКП бизнесті қорғау жөніндегі директоры Ғалымжан Сүтбаев өз баяндамасында.


Бизнес-қоғамдастық өкілдері бұл кейбір бағыттарда кәсіпкерлікті дамытуға шектеулер мен кедергілер тудыратынын атап өтті.



Осы тақырып бойынша сөз сөйлеген Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері біздің өңірде, Ұлытау облысында мұндай жағдайлар тіркелмегенін атап өтті.
Сондай-ақ, кеңес барысында Кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, Кеңес мүшелерінің өткен отырыстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер