astana-view

Баланы 584 теңгеге тойдыру мүмкін ме?

2023 жылғы 08 Маусым
- Астана қаласы
5874 просмотров

Бұл сұрақты Астанадағы мектеп тамағын жеткізушілер қойып отыр. Кәсіпкрелер бұл сомаға мектеп оқушыларын толыққанды түскі аспен тамақтандыру мүмкін еместігін атап өтті.

Елордалық кәсіпкерлер дәл осы 584 теңгеге мектеп жанындағы лагерьлерге баратын балаларды да тамақтандыруға мәжбүр екенін атап өтті. Балаларға таңғы ас пен түскі ас беру немесе түскі асты ғана қалдыруды әркім өзі шешеді.

 Бұл мәселе бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиевтің қатысуымен ӨКП жанындағы білім беру және жұмыспен қамту салалық кеңесінің отырысы барысында тағы да көтерілді.

Кездесуде кәсіпкерлер бұған дейін білім басқармасы ата-аналарға да, жеткізушілерге де баға жағынан сәйкес келетін мәзір әзірлеуге уәде бергенін еске салды.

Білім беру басқармасының жетекшісі Қасымхан Санғазыев балаларды тамақтандыру мәзірі қазір Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ҒЗИ мамандарымен әзіреніп жатқанын айтты

 «Мәзір келер аптаның басында дайын болады. Кейін біз қалалық бракераж комиссиясын жинап, қауымдастықты шақырамыз да талқылаймыз. Мәзірді қабылдағаннан кейін сіздердің қолдауыңызбен оны бюджетті нақтылауға шығарамыз. Содан кейін мәслихатқа барамыз және қай мәзірге тоқтағанымызды қосымша хабарлаймыз. Мәзірді бюджет мүмкіндіктеріне қарай қарауымыз керек»,–  деді Қасымхан Сенғазыев.

 Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен қала басшылығының инфляцияны ескере отырып, 584 теңге витаминдерді айтпағанда, сапалы тамақтануға деген қажеттілікті қамтамасыз етпейтінін атап өтті.

«Біз бұл мәселені жыл басынан бері көтеріп келеміз, қала басшылығы тарапынан да түсіністік бар. Бірақ әкімдікте өтуі тиіс рәсімдік сәттер бар: институттармен, жұртшылықпен, ұйымдармен пысықтау. Бюджет мүмкіндіктері де маңызды. Бірақ бұл мәселеде қыркүйекке дейін өзгерістер болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз деп ойлаймын», – деді Есет Байкен кәсіпкерлерге.

«Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы» РҚАО басшысы Марина Лаптева мектептегі тамақтану жеткізушілерімен жасалған келісімшарттар шеңберінде Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар үшін жалдау ақысының құнын алып тастау туралы мәселені көтерді. Ол ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 49-тармағына сәйкес « Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдағаны үшін төленетін ақыны есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген ауданның 25% мөлшерінде осы аудандарды жалға алушының жалпы пайдаланымдағы орындарға қол жеткізуі ескерілуі қажет».

  «Алайда бұл жағдайда тамақты жеткізушілері ортақ пайдалану орындарына бармайды, жеке кіреберісі және жұмыс істеу үшін қажетті үй-жайлары бар, олар үшін төлем шартта белгіленген. Осыған байланысты, біз қағидаларға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз және ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдағаны үшін төлемді есептеу кезінде жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25% мөлшерінде жалпы пайдалану орындарына қол жеткізуін ескермеуге тиіспіз», – деді спикер.

Астана қаласы активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының бөлім басшысы Әлібек Қасымов 2022 жылдың соңынан бастап жалпы пайдаланымдағы орындар үшін 25% мөлшерінде төлем тамақ жеткізушілерге қолданылмайтындығына сендірді. Алайда, тамақ жеткізушілері бұл ақпараттың өз келісімшарттарында көрініс таппаған деп жауап берді.

Сондай-ақ, жиында Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің директоры, білім беру және жұмыспен қамту салалық кеңесі төрағасының орынбасары Мырзабек Кужимов техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұлғайту және ТжКБ үшін мемлекеттік тапсырысты шағын кәсіпорындар (шағын және микробизнес) арасында бөлу қажеттілігі мәселесін көтерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер