astana-view

Жобалық басқару бойынша ұлттық байқау өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда

2023 жылғы 04 Шілде
- Абай облысы
8751 просмотров

Қорытындылау 2023 жылғы 14-16 қыркүйекте Digital Bridge халықаралық форумының алаңында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде жобалық басқаруды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуде.

Мемлекеттік органдардың және жобалау қызметіне басқа да қатысушылардың жобалық жетілуін айқындау құралдарының бірі «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобалық басқару жөніндегі Ұлттық конкурс болып табылады. Ұлттық конкурсқа мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, бизнес-қоғамдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен ЖОО-лар қатысады.

Ұлттық конкурс өз қызметіне жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған және ұйым қызметкерлерінің көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытудағы уәждемесін арттыруға бағытталған. Ұлттық конкурсты өткізу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық конкурс процесіне қатысу және қатысу оның қатысушыларының жобалық жетілуін арттырады.

Ұлттық байқауға өтінім беру «Үздік жобалық кеңсе», «үздік жоба» және «Үздік жобалық менеджер» номинациялары бойынша өтеді. Сондай – ақ, «Үздік гендерлік жоба», «Үздік жоба-балаларға қолайлы»; «Үздік PM-жаттықтырушы» номинациялары шеңберінде арнайы сыйлықтармен марапатталатын жеңімпаздар айқындалады. Әр номинацияда «алтын», «күміс» және «қола» жеңімпаздары анықталады.

Қорытындылау 2023 жылғы 14-16 қыркүйекте Digital Bridge халықаралық форумының алаңында жүргізіледі.

Бір мемлекеттік органның немесе ұйымның өтінімдерінің саны шектелмейді.

Барлық сұрақтар бойынша цифрлық үкіметі қолдау орталығына хабарласыңыз - Айткожиной Айгуль (87774734271), Маликова Айгерим (87782286890), Әскерова Тоғжан Амантайқызы (87072152288).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер