astana-view

Алматы облысында фармацевтика саласының өзекті мәселелері талқыланды

2023 жылғы 05 Шілде
- Алматы облысы
9917 просмотров

Алматы облысында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау бойынша кәсіпкерлердің салалық Кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес аясында фармацевтика саласы субъектілерінің қызметіндегі проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен айналысатын қызмет түрлерін әкімшілендіруге, салық заңнамасына сәйкес БКМ қолдану тәртібіне (тақырыптық тексерулер, әкімшілік жауапкершілік, камералдық бақылау) назар аударылды.

Сонымен қатар, кеңес барысында Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Хамза Шыңғыс ҚР Экологиялық кодексіндегі жаңалықтарға түсініктеме берді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары саласындағы нормалар, enbek.kz порталында еңбек шарттарын тіркеу мәселелері, электрондық еңбек шарттары, ұйымдардағы құжат айналымы регламенті туралы ақпарат берілді.

Барлық көтерілген мәселелер одан әрі шешімдер қабылдау және тиісті органдарға жолдау үшін кеңестің хаттамасына енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер