astana-view

Ақтөбеде мұздату технолгиясын қолданумен нан өндіріледі

2023 жылғы 19 Шілде
- Ақтөбе облысы
4616 просмотров

 «Shugar.kz» компаниясында нан-тоқаш өнімдерін өндіруде инновациялық технологиялар енгізілді. Жаңа кәсіпорынның қызметімен Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ АӨК және индустрия салалық кеңестерінің мүшелері танысты.

 Кәсіпорында нан өндіруде шок мұздату технологиясының қолдануына бір жылдан асқан. Кәсіпорынның құрылтайшысы Татьяна Александрованың айтуынша, мұздатылған нан шығарумен айналысу еуропалық тәжірибенің үлгісіне түрткі болған. Мұнда нан өнімдері нарығының жартысынан көбі мұздату технологиясын қолданып, пісірілген жартылай фабрикаттар. Алдын ала мұздатылған нан өнімдері бірден сату өнімдерінде пісіріледі. Бұл өнімдерді азық-түлік супермаркеттері, мейрамханалар мен кофеханалар көп мөлшерде сатып алады. Компания болашақта мұздатылған нанның сатылымы отандық нарықта өседі деп санайды.  

«Мұздату технологиясы бойынша дайындалған нан өнімі – 80 пайызға дайындалады да әрі қарай шок мұздатылады. Содан кейін мұздатқыш қоймаға кетеді. Қалған 20 пайызға 5-8 минут қажет. Оны біздің тұтынушы үйіне барып, өзіне қажет кезінде толық пісіріп алады. Осылайша үйде үнемі жаңа піскен нанның иісі бұрқырап тұрады. Мұндай жартылай дайын өнімді мұздатқышта жарты жылдан бір жылға дейін сақтауға болады. Бізде сан алуан ассортимент бар. Сонымен қатар круассан, бәліш, тоқаш, пирожки өндіреміз. Барлығы 150 түрлі өнім», – деді компания жетекшісі.

Цехтың жабдықтарына барлығы 180 млн теңге салынды. Мемлекеттің қолдауы да болды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау бағдарламасын пайдаланды. Өндіріс үшін автоматты желілер, өнімді орау, арнайы мұздатқыш қондырғылар және т. б. орнатылды.

Қазір жұмыспен 13 адам қамтылып отыр. Өткізу нарықтары – Қостанай және Орал, сонымен қатара Астана мен Алматы қалалары. Ресей нарығына экспорт іске асырылып жатыр. Қазақстанның барлық өңірлерін қамту, сондай-ақ еуропалық нарыққа шығу жоспарда бар. Ақтөбеде өнім «Дастархан» супермаркетіне жеткізіледі.

«Ақтөбе өндірісінің экспортқа шығуы үлкен жетістік», – деп санайды АӨК салалық кеңесінің мүшесі, «Рамазан» ЖШС директоры Тимур Шаймағамбетов.

«Ақтөбеде жоғары технологиялар есебінен облыстан ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлерге нан-тоқаш өнімдерін экспорттаумен айналыса алатын кәсіпорынның пайда болғаны қуантады. Кәсіпорынның теңдесі жоқ екенін ескерсек, бұл біздің өңір үшін өте үлкен жетістік. Бізде ұзақ сақтау мерзімі бар бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын ынтымақтаса аламыз. Келіссөздер жүргізуге дайынбыз», – деді «Рамазан» ЖШС өкілі, объектіге барудан алған әсерімен бөлісіп.  

 Татьяна Александрова ынтымақтастық жолдарын қарастыруға дайын екенін айтты.

 «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы тарапынан біз жергілікті нарықта және Қазақстанның басқа өңірлерінде өнімді ілгерілетуге қолдау көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ, ақтөбелік өндірушілер және отандық жеткізушілермен кооперация мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз», – деді ӨКП директорының орынбасары Дидар Боранқұлов.

Ынтымақтастық мәселелері бойынша тікелей кәсіпорын басшысына байланыс нөмірі бойынша хабарласуға болады: +7701 939 0757, электрон пошта: Shugarkz2020@gmail.com


Еншілес ұйымдар

Серіктестер