astana-view

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы екі аудан кәсіпкерлерінің түйткілді мәселелерін талқылады

2023 жылғы 25 Шілде
- Алматы облысы
9009 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мемлекеттік органдармен – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Прокуратура және Кәсіпкерлік және Индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер туралы білу үшін аудандарға сапар ұйымдастырады

21 шілде күні Кеген және Ұйғыр ауданы бизнес-қоғамдастықтарымен әкім орынбасарлары Батырханұлы Мұхтар және Құдабаев Дастанның қатысуымен кездесу өтті. Оны Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төраға м.а. Дүйсекенов Ержан ашып, Атамекенде кәсіпкерлердің барлық өтініштері бақылауда болатын проблемалық мәселелердің арнайы тізілімі бар екенін атап өтті.

Егер 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Кеген ауданында 3 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істесе, Ұйғыр ауданында 6 мыңнан астам субъект жұмыс істейді.

«Алматы облысының Кеген ауданында салықтар бойынша бюджет түсімінің болжамы 89,3% - ға, ал Ұйғыр ауданында 100% - ға орындалды», - деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары Қалиев Алмат.

Бірінші ауданның кәсіпкерлері коммерциялық объектілерге жер беру, Көлсай және Қайыңды көлдеріне заңсыз туристік тасымалдау, туробъектілерге дейінгі автомобиль жолдары және жарнамалық қызметке салық салу туралы проблемалық мәселелерді айтты. Ұйғыр ауданының бизнесі үшін ішкі туризмді дамыту, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету, ауданның бас жоспарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ жеке демалыс аймақтарына туристік мәртебе беру өзекті мәселелер болып табылады.

«Кәсіпкерлік, сөзсіз, қазіргі қоғамда басты орын алады, өйткені бұл мемлекеттің де, бүкіл азаматтық қоғамның да тұрақтылығы мен тұрақты дамуының тірегі және кепілі болып табылады. Сонымен бірге, заманауи технологияларды және халықаралық тәжірибенің жетістіктерін қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды нәтижелі жүргізілуіне бірігіп ат салысуымыз қажет», - деді Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Игіліков Елнар.

Барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелерге жолданып, Палатаның қолдауымен өз шешімін табатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер