astana-view

Юрий Огай Балқашта неге туризм дамымай жатқанын айтты

2023 жылғы 05 Тамыз
6438 просмотров

Балқаш көлі жағалауында туризмді дамытып жүрген кәсіпкерлер Үкіметке кәріз инженерлік желілерін әкімдіктің («Балқаш Су» КМК) балансына өтеусіз негізде қабылдауға жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Кәріз жүйесі құрылысына кәсіпкерлер 175 млн теңгеге жуық қаражат салған.

– Бизнесіңіз жайында, Балқаш көліндегі курорттық аймақтар туралы айтыңызшы.

– Мен «Жемчужина» демалыс базасының өкілімін және Балқаш көлінде туризм қызметтерін көрсететін барлық кәсіпкер атынан сөйлеп тұрмын. Балқаш көлі Қазақстандағы көрікті туристік орындардың үздік ондығына кіреді.

Балқаш көлі ауданы бойынша әлемде 14-орында, Қазақстанда 2 орында тұрған көл. Көлге апаратын қолайлы көлік логистикасы бар. Оған автокөлікпен, авиа және теміржолмен баруға болады.

Қазіргі кезде бізде бірнеше туристік инвестициялық жоба бар.

Біз кәсіпкерлер ақша құйып, жаңа нысандар салып, бизнесті дамытуға дайынбыз. Қазір қолдағы әлеует және ішкі туризмге сұраныс артып келеді. «Жемчужина» базасын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осыған дейін 15 жыл ішінде базаға 350 млн теңге қаражат салынды.

Мысалы, «Танго» демалыс базасында 2020 жылғы бағамен 880 млн теңгеге, 200 төсек-орынға, 85-тен астам жұмыс орнын құрумен құрылыс-монтаждау жұмыстар бойынша жобасы бар. «Самал», «Барковское», «Лафа», «Оазис», «Нұрбақыт» демалыс базалары миллиард теңгеден астам қаражат салып, одан әрі инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Бертіс шығанағы жағалауындағы бұл демалыс базалары буферлік экологиялық аймақ саналады. Өйткені олар Балқаш мыс балқыту зауыты мен Балқаш ЖЭО-нан 2 км қашықтықта орналасқан.

– Сұраныс артса да кәсіпкерер демалыс базаларын жақсартуға неліктен асығар емес?

– Мәселелердің бірі – ұзындығы 3,5 шақырым кәріз инженерлік желілер 9 жыл бойы заңдастырылмай келеді. Оған мемлекет тарапынан қаржылай көмек керек.

Барлық демалыс базалар және жағалау үшін технологиялық тұрғыдан қолайлы кәріз желісінің құрылысына кәсіпкерлер шамамен 175 млн теңге салды. Бірақ кәріз желісі су қорғау белдеуінде болғандықтан, оны «Балқаш Су» КМК балансқа қабылдамай жатыр. Бұл мәселеде көптеген кедергі бар. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өз күшімен біз бүкіл жағажай жағалауын таза ұстаймыз.

Сондай-ақ, курорттық жағалау үшін әр демалыс базасы үшін 400 кВт-қа дейін тұрақты электрмен жабдықтау және жағалау сызығын жарықтандыру қажет. Әрине, жазғы маусымда туристер үшін кең жолақты интернеттің тұрақты болғаны да өте маңызды.

Туризмнің дамуы үшін жағалауда ыңғайлы инфрақұрылымның болғаны керек. Қазіргі кезде біз жағалаудағы туристердің тамақтануы үшін қолайлы жағдай жасай алмай отырмыз. Өйткені су қорғау белдеуінің шекаралары тамақтану аймағынан кем дегенде 150 метр қашықта болуы керек. Демалушылар шөлін қандыру немесе балаға қандай да бір тамақ сатып алу үшін көлден ең жақын кафелерге, барларға, мейрамханаларға кем дегенде 200-300 метрге дейін «серуендеуі» керек.

Демалушыларға ыңғайлы болсын деп біз суға жықынырақ уақытша шатыр немесе шалаш қоя аламыз. Керек болса, алып тастауға оңай қондырғылар. Сондықтан егер Үкімет деңгейінде су қорғау белдеуінің шекараларын қолданыстағы 150 м орнына 25-35 м-ге дейін түзету жүргізілсе, онда қолда бар бизнесті одан әрі кеңейту және жаңа демалыс базалары мен инфрақұрылым салу үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болар еді.

Бұл стандарттар ондаған жыл бұрын енгізілген. Онда дауыл толқыны, су тасқыны және су төгілуін ескере отырып, жағалау сызығының ұзындығы есептелген кезде салынған. Бірақ бұл Балқашқа қатысты емес. Су жағасы тыныш,  кем дегенде 30 жыл болды жағалау сызығы өзгерген жоқ.

Сондай-ақ, туризм саласындағы кәсіпкерлер, басқалар сияқты, табиғатты қорғау және тазалықты сақтауға мүдделі екенін атап өтемін, өйткені туристер демалыс орнын таңдағанда дәл осы мәселелерге назар аударады.

– Осы проблемалар шешілсе, Балқашқа туристер ағыны арта ма?

– Әрине, осы проблемалар шешілесе, жағалауда құрылыс белсенді салына бастайды. Туристік ағын 5 есе артады, мыңдаған жұмыс орын ашылады. Бірақ мен жасыл кеңістіктегі үлкен экологиялық тосқауыл екенімізді де атап өткім келеді. Шынында да, туристік жағалаудың жанында, 2 км қашықтықта мыс балқыту зауыты мен ЖЭО бар. Балқаш аймағында қара топырақ жоқ, ал аумақтарды көгалдандыру үшін біз шөптерді, гүлдерді, ағаштарды – үйеңкі мен қарағайларды өсіретін көгалдар жасаймыз. Бірақ, өкінішке қарай, өсімдіктердің 20-40%-ы тамыр алмайды және жыл сайын күкірт газы мен күл шаңының шығарындыларынан құрап кетеді. Бұл қалдықтар өңір өсімдіктеріне, тіпті шығанақ арқылы да түседі. Ал бұрын Балқашта тіпті ботаникалық бақ та болған. Ол үшін бизнес пен ғылымның тығыз байланысын орнату керек. Сондықтан селективті селекциялық жолмен жергілікті табиғатқа және экологиялық ахуалға төзімді өсімдіктердің түрі керек. Оны да АШМ қатысуымен іске асыруға әбден болады. Бизнес өз күшімен ғана бұл мәселелерді шеше алмайды. Біз өз қаражатымызға жеке тәлімбақтардан өсімдіктерді сатып аламыз, эксперимент жасаймыз, тіпті могнолия өсіргіміз келген. Бірақ көбі өліп кетеді.

Сондай-ақ, басқа елдердің тәжірибесі бойынша жағалау мен жағажайлардың сапасын жақсартуға болады. Балқаштың табиғи жағажай аймағы жартасты, бұл қиыршық тастар. Жазғы демалыс маусымы өте қысқа. Біз инвестициялауға дайынбыз, бірақ бизнес үшін жағажай түбін тастардан тазартуға және жағажай аймағын Балқаш жағалауындағы басқа жабайы жағажайлардан әкелуге болатын құммен тазартуға арналған дренажды сатып алу керек. Бұрын «Қазақмыс» корпорациясында жер снаряды болған, бірақ ол бұзылып, жөндеуге мүмкіндік жоқ. Біз «Қазақмыс» корпорациясымен мемлекет арқылы жер снарядын жеке сатып алу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргіздік. Бірақ әзірге бұл тек келіссөздер деңгейінде қалып отыр.

– Балқашқа баруға логистика жақсы дедіңіз. Солай ма? Жолдың қолайсыздығы салдарынан қазақстандықтар шетелде демалып жүргені жасырын емес қой.

– Бұл пікірмен келісе алмаймын. Алматы-Қарағанды автожолы салынып бітпей, туристерге Балқаш көліне өз көлігімен жету қиын. Әрине, бізге шағын ұшақтар ұшып келеді, бірақ олардың саны аз. Сондай-ақ, Алматы-Балқаш-Астана бағыты бойынша темір жол көлігінің тікелей рейстерін ұлғайту және Алматы мен Астанадан Балқаш қаласына тікелей темір жол рейстерін іске қосу туристердің ішкі туризмді, атап айтқанда Балқаш көлін таңдауына ықпал етеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер