astana-view

Кәсіпкерлер жол құрылысының сапасын арттыруға мүдделі

2023 жылғы 07 Тамыз
4489 просмотров

«Атамекен» ҰКП сарапшылары бизнес-қоғамдастық, Автомобиль жолдары комитеті және «ҚазжолҒЗИ» АҚ өкілдерімен бірлесіп, жол құрылысы сапасына қатысты заңнамалық түзетулерді талқылады.

«Атамекен» ҰКП алаңында автожолдарды салу мәселелері талқыланды.  Онда уәкілетті органмен заңнамаға түзетулер пысықталып, бизнес тарапынан қолдау тапты. Бұл түзетулер «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ға автомобиль жолдарын жобалау, салу, жөндеу және күтіп ұстау кезеңдерінде автожол саласының нормативтік-техникалық құжаттарын жетілдіру және әзірлеу және жобаларды ғылыми-техникалық сүйемелдеу жөніндегі функцияларды жүктеу арқылы жол құрылысының сапасын арттыруға ықпал етеді.

«ҚазжолҒЗИ» акционерлік қоғамының құрылғанына 50 жыл болды. Бұл автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын диагностикалау, жол-құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапасын бағалау үшін қажетті жабдықтармен толық жарақтандырылған республикадағы жалғыз салалық институт. Жолдар мемлекеттік қаражат есебінен салынады, бұл стратегиялық нысандар. Мемлекет басшысы бұл мәселе бойынша көптеген ескерту айтты. Сондықтан, жолдардың сапасын арттыру және жаңа технологияларды уақтылы және дұрыс енгізуді қамтамасыз ету үшін институт автожолдарды салу процесін сүйемелдеуді қалайды», – деді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті Арман Әлібаева.

Басты ұсыныстардың бірі –  жаңа инновациялық технологияларды пайдалану тұрғысынан қарау және одан әрі құрылыс процесінде жолдардың қолданылуына бақылау жүргізу мақсатында жобалау кезеңінде жобаларды «ҚазжолҒЗИ» АҚ-қа таныстыру.

 «Мен практик ретінде өз жобаларымызда бірдеңе бастап, енгізгіміз келгенде, біз мемлекеттік сараптамаға және сапасыз нормативтерге тап боламыз деп айта аламын.  Олар қалыптасқан үрдіс бойынша ескі тәсілмен, қайтадан жобаға сол немесе басқа нормативтер мен талаптарды енгізе бастайды. Осылай жүре берсе отандық ғылым алға шықпайды, сондықтан ҚазжолҒЗИ бастамасын бизнес-қоғамдастық қолдауы тиіс деп санаймын. Егер бұдан әрі мемлекеттік нормативтерде қандай да бір қайшылықтар туындаса, онда олар Комитет, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және бүкіл министрлікпен бірлесіп одан әрі пысықталады», – деп атап өтті Қазақстан автожолшылар қауымдастығының вице-президенті Дархан Рахимов.

Кәсіпкерлер балық норманы зерделеп, бұл жаңашылдықтар саланы дамытуға, әзірленіп жатқан жобалардың сапасын арттыруға, оларды тікелей іске асыруға және тиісінше автожол төсемінің беріктігін арттыруға көмектеседі деп санайды. Бұдан басқа, ұсынылып отырған шаралар ұлттық стандарттарды жетілдіруге, саланы цифрландыру деңгейін арттыруға және бағытталған.

«Тұтастай алғанда бағыт дұрыс. Біз терең мамандануға өтуіміз керек, өйткені бағдар нақты белгіленуі тиіс. Құрылыс салушылар қауымдастығы ұсынылып отырған заңнамалық түзетулерге қарсы емес және қазіргі уақытта автожолдар құрылысы саласындағы бұл шаралар қажет деп санайды», – деп түсіндірді «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті Виктор Микрюков.

Қазіргі кезде жол-жөндеу жұмыстары сапасына және автожолдардың жай-күйін диагностикалауға биліктің барлық деңгейінде ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мәселені Мемлекет басшысы бірнеше рет көтеріп, сынға алды.

Сондықтан, кәсіпкерлер де елдегі автожол жағдайын жақсартуға мүдделі. Бизнес жолдарды дамытуға қатысу және осы саладағы бар проблемаларды шешу мақсатында автожол саласын жетілдіруге және реформалауға бағытталған мемлекеттік бастамалардың қажетті шараларын қолдауға дайын.

Жиын  қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер