astana-view

Павлодарлық «Атамекен» қыз-келіншектерге аспаздар курсын ұйымдастырды

2023 жылғы 16 Тамыз
- Павлодар облысы
7057 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы болашақ кәсібін аспасздық саласында ашқысы келетін ханымдарға арнап арнайы курс өткізді. Бұл жұмысты «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы бойынша өңірлік палата жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өз мойнына алды.

Жеке мамандықты үйрету үшін  «Дәстур» мейрамханасының директоры және бас аспаз Айнагүл Қуандықова оқуға шақырылды. Ол курсанттармен бірнеше күн жұмыс істеді.

«Өз уақытыңызды бөліп, біліміңізді толықтырдыңыз, өзіңіз ақша таба аласыз және бұл жерде қиын ештеңе жоқ деген сеніміңізді нығайттыңыз», - деді ол шәкірттеріне.

Осы курстың қорытындысы бойынша Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Мүбарак Жақыпов тыңдаушыларды құттықтады. Палата өкілі оқыған қыздарды құттықтап, алған білімдері мен дағдыларын дұрыс арнаға бағыттауды, сондай-ақ өзіне ғана емес, Қазақстан экономикасына да пайда әкелуді тілеп,  Айнагүл Қуандықоваға қыздарды аспазға үйретуге және оларға өзінің ерекше білімін беруге келіскені үшін алғысын білдірді.

«Атамекен» палатасының маңызды миссияларының бірі – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту. Осы бағытта біз әйелдерге түрлі бағыттарда білім береміз, осылайша тыңдаушылардың әрқайсысы кәсіпкерлік қызметті бастай алады, кәсіп ашып, айналасындағыларға пайда әкеледі», - деп атап өтті Мүбарак Жақыпов.

Мүбарак Жақыпов тыңдаушыларға «Аспаз» курсын аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті, олардың кейбіріне Айнагүл Қуандықованың өзі, мысалы, Гүлжанат Ибраеваға естелік сыйлықтарын жасады.

«Гүлжанат – «ерекше баланы» жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана, сонымен бірге ол курс күндерінде өзін көрсете отырып, «комфорт аймағынан» шықты. Оған жұмыс беруші қызығушылық танытты, енді оған осындай бала бар екенін ескере отырып, тұрақты емес кестемен жұмысқа орналасуға кепілдік берілді. Яғни, Гүлжанат өзіне ыңғайлы болған жұмыс кестесін ұсынады. Мен оны «Серпіліс» номинациясындағы жеңісімен құттықтаймын», – деп атап өтті тренер.

Зауреш Калимова да ерекше аталып өтті. Аспаздың айтуынша, ол Заурешті ерекше мұқият бақылаған.

«Мені оның бастамашылдығы, құлшынысы мен жұмыс істеуге деген құштарлығы, ақпаратты жылдам қабылдау қабілеті таң қалдырды. Ол бірден шешім қабылдайды: бір нәрсені үйренсе, оны берден Instagram-ға жариялайды. Бірақ сіз алған және үш күн ішінде іске асырылмаған дағдылар ұмытылады. Ол бірден үйренгенін көрсетеді және алғашқы тапсырысты алды!» – деп қосты сарапшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер