astana-view

ҰКП мамандары міндетті мүшелік жарнаны алып тастау туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты

2023 жылғы 23 Тамыз
9645 просмотров

22 тамызда https://primeminister.kz/ru сайтында  Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1555 қаулысы күшін жойғанын тану туралы ақпарат жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ҰКП мүшелік жарналарын алып тастау туралы қате пікір қалыптасты.

 Бұл қаулы ҚР Президентінің «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» 13.04.2022 жылғы №872 Жарлығын іске асыру шеңберінде, мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту мақсатында қабылданғанын хабарлаймыз.

Бұған дейін міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін мемлекет бекітетін, қазір бұл міндетті Ұлттық экономика министрлігі атқарады. Жаңа тәртіп Ұлттық экономика министрінің 12.07.2023 жылғы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекіту туралы» № 137 бұйрығымен реттеледі.

 Бұл ретте жоғарыда аталған бұйрықта ҚР ҰКП міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерінің сомасы өзгеріссіз қалғанын атап өткен жөн.

Айта кету керек, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін ҚР ҰКП-ға міндетті мүшелік жарналар бұрынғы деңгейде қалып отыр. 2022 жылғы 18 ақпанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ҰКП кезектен тыс IX съезінің шешімімен шағын кәсіпкерлік субъектілері (микро кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда) ҚР ҰКП-ға мүшелік жарна төлеуден босатылды.

Қазіргі кезде ҚР ҰКП трансформация кезеңінен өтіп жатыр. Оның негізіне клиентке бағдарлану, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлік қызмет саласындағы салалық қауымдастықтардың (одақтардың) және өзін-өзі реттейтін қауымдастықтардың рөлін күшейту және бизнестің қолайлы «эко ортасын» жақсарту алынған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер