astana-view

Салық кодексіне Тұжырымдама жобасы жарияланды

2023 жылғы 11 Қыркүйек
8288 просмотров

Дереккөз: nalogikz.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазір жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа кодекс 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 

 Салық саясаты жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Ашық НҚА» порталында қарау және пікір білдіру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің (Салық кодексі) жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жариялады. Салық кодексі ҚР Үкіметінің салық заңнамасына ұсыныстар дайындауы үшін негіз болады.

 Салық саясатының декларацияланатын тәсілдері бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға бағытталғанын, бизнес үшін орта мерзімді кезеңге арналған бағдарларды айқындайтынын ескере отырып, Ұлттық палата info@atameken.kz электрон поштасына 2023 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде Салық кодексі жобасына ескертулер мен ұсыныстар жіберуді сұрайды.

 Сонымен қатар «Ашық НҚА» порталында осы құжатқа қатысты пікір қалдыруға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер