astana-view

Қазақстандық шикізаттан жасалған үздік 57 тауар іріктелді

2023 жылғы 15 Қыркүйек
6111 просмотров

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауылдық жерлердің үздік тауарларын анықтау мақсатында барлық өңірде «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асырып жатыр.

 Үздік тауарларды анықтауға арналған көрмелер 19 өңірде өтті. Көрмелерге 500-ден аса тауар өндіруші қатысты. Өңірлік бренд-комитеттердің шешімімен жергілікті шикізаттан өндірілген үздік 57 өнім анықталды.

Тәжірибе алмасу және жобаның Қырғызстандағы моделімен танысу үшін «Атамекен» ҰКП қазақстандық кәсіпкерлердің Қырғызстаннан келген Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі мен қоғамдық қор өкілдерімен кездесулерін өткізді.

 Жоба жеңімпаздары өз өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету, сондай-ақ оларды ірі маркетплейстерге шығаруға мүмкіндік алады.

 Қазіргі кезде «Бір ауыл – бір өнім» өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету жұмыстары жүріп жатыр: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақтуризм» ҰК АҚ өкілдерімен жол бойындағы сервис объектілері, қонақ үйлер, визит-орталықтардың тауар сөрелерінде «Бір ауыл – бір өнім» өнімдерін орналастыру мәселелері бойынша келісіөздер жүріп жатыр. Сондай-ақ «QazTrade» АҚ және «Қазақэкспорт» АҚ-пен сыртқы нарықтарға шығу мәселелер қаралып жатыр.

Осы компаниялар көрсететін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша «Qazindustry» АҚ және «QazInnovations» АҚ-мен кездесулер өткізілді. «Бір ауыл – бір өнім»  өнімдерін өндіруде ғылыми тәсілдерді қолдану мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Ғылым қоры» АҚ-мен ынтымақтастық туралы мәселелер пысықталып жатыр. . «Бір ауыл – бір өнім»  өнімдерін патенттеу мәселелері бойынша QazPatent (Ұлттық зияткерлік меншік институты) акционерлік қоғамымен жұмыс жүргізілуде.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер