astana-view

Ресеймен ынтымақтастық

2023 жылғы 25 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
7464 просмотров

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы "Иннопром Қазақстан" Халықаралық көрмесі аясында Ресей Федерациясының Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті. 

Маңызды кездесу барысында екі тарап өзара тиімді ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

Новгород облысы Қазақстанда перспективалы әзірлемелерді ұсынды-бұрғылау қондырғыларына арналған электр қозғалтқыштары,пневматикалық манипулятор, білектің модульдік протезі. Никитин бастаған Новгород делегациясы Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр.


2022 жылдың қазан айында Ұлытау облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.
Кездесу барысында 2023-2025 жылдарға арналған екі облыс арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Құжат өнеркәсіп, сауда, білім, медицина, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты білдіреді.
Бұдан басқа, "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Новгород облысының даму агенттігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.


Жоғарыда көрсетілген ынтымақтастық өңірдің сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени саласын дамытуға және өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.


Жұмыс делегациясының құрамында аймақтық кеңес мүшелері Ұлытау өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы кеңестің, бизнес-қоғамдастық өкілдері: "Ютария Ltd" ЖШС және ЖК Гелисханова болды.


Көрме-жәрмеңке жұмысына "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма Төрағасы, Ұлытау облыстық ӨКП  аймақтық кеңес төрағасы Нұрахмет Қанатұлы Нұриев қатысты. 
Іскерлік бағдарламаның тақырыптары инфрақұрылым, энергетика, логистика, машина жасау, цифрландыру, білім беру және инвестициялар салаларын қамтиды. 
 

– Осы көрмеге қатысу көрмеде тауарды сату және жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер береді. Біз әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, инновациялық салада көптеген жаңа нәрселерді үйренеміз, - деп атап өтті Жезқазған кәсіпкерлері.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер