astana-view

Ауыл кәсіпкерлері мен павлодарлық "Атамекен" мамандары қоқыс жинау және лизинг келісімдер көлемін негізсіз арттыру мәселесін көтерді

2023 жылғы 04 Қазан
- Павлодар облысы
8196 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы мен оның Аққулы ауданындағы филиалының басшылығымен кездесуде жергілікті бизнес өкілдері "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы сатып алынатын техникаға утиль алымын жою немесе оның сомасын ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алу-сату келісімшартына қосуды ұсынды. Кәсіпкерлер лизинг келісімшарттарындағы сомалардың он екі пайызға негізсіз артқаны  және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ жергілікті филиалында мамандардың жоқтығы туралы мәлімдеді.  Бұл жайт бизнеске техникалық паспорттарды немесе мемлекеттік актілерді уақытында әзірлеуге кедергі келтіреді.

Іс-шараға 25 бизнес субъектінің өкілдері қатысты. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы Аққулы ауданы филиалының директоры Әсет Биболов филиалдың 2023 жылғы жұмысы туралы айтты. Павлодар облыстық ӨКП директоры Ерқанат Әбенов палатаның бизнес мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөніндегі жұмыс принциптерін түсіндіріп, Өңірлік кеңес пен аудандық кәсіпкерлер кеңесінің "Атамекен" аудандық филиалымен бірлескен жұмысы жөнінде ұсыныстар берді.


Шарбақты ауылының "Орманшы" шаруа қожалығының басшысы Ерғанат Жұмабаев "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы сатып алынатын техникаға утиль алымын төлеу немесе оның сомасын жасалатын сатып алу-сату шарттарына қосу міндетін алып тастауды ұсынды. Ол сондай-ақ практикаға айналған лизинг келісімшарты сомасының он екі пайызға негізсіз ұлғаюын атап өтті.


Жамбыл ауылынан келген Жанай Ошал кәсіпкерлерге 2,5 пайыз несие немесе облыс әкімінің бес миллион теңгеге дейінгі гранттарын беру жақсы болар еді деп мәлімдеді. "Мирас" ЖК басшысы Амангелді Қалиев автостанцияның кондитерлік цехқа арналған үй-жайын сенімгерлік басқаруға алғысы келетінін атап өтті.

«Сол кездесуде бизнес өкілдері "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ жергілікті филиалында қажетті кадрлардың жоқтығы туралы хабарлады, осылайша техникалық паспортты немесе мемлекеттік актіні әзірлеу сияқты қызметтер уақтылы көрсетілмейді», - Әсет Биболов хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер