astana-view

«Атамекен» тегін салалық оқу курстарын ұйымдастырды

2023 жылғы 05 Қазан
- Астана қаласы
9078 просмотров

Астанада кәсіпкерлік бастамасы бар 60 әйел «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралы аясында «Кәсіпке бағыт» құралы бойынша тегін салалық білім алды.

Биыл Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба екі бағыттан тұрады – «Кәсіпке бағыт» құралы және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы аясындағы жұмыс.

«Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша біз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе айналысқысы келетін әйелдерге анықталған қажеттіліктер негізінде оқу ұйымдастырамыз. Сонымен, сұлулық индустриясы, тігін өндірісі, мейрамхана бизнесі саласында курстар ұйымдастырдық және осы аптада кондитерлік дағдылар бойынша оқу жүріп жатыр. Оқу курстары «Ажарлы» ЖК жанындағы оқу орталығы, «Наурыз» ЖК тігін кәсіпорны, «Рим» мейрамхана мектебі және «Ммаман» ФУ оқу-өндірістік орталығы базасында жүргізілді», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Кондитерлік іс бойынша оқуға қатысушы Гүлжиһан Құндыбаева Қазіргі кәсіпкер болғанына қарамастан, кондитерлік шеберлік бойынша көптеген жаңа нәрсені білгенін атап өтті.

«Атамекеннің» көмегімен оқу тегін өтеді, осылайша біз өз біліктілігімізді арттырамыз», – деді ол.

Тағы бір қатысушы Махаббат Қозжанова оқу барысында кәчіп жүргізуде кәдеге асатын көптеген дағды үйренгенін атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер