astana-view

Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы сайланды

2023 жылғы 05 Қазан
7562 просмотров

Дереккөз: akorda.kz

 

Бүгін «Атамекен» ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетінің отырысы өтті. Көпшілік дауыспен Комитет төрағасы болып Бақытбек Қадыров сайланды.

Бақытбек Қадыров ҚР премьер-министрі жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. Экспедиторлық қызмет, логистика және экспорт мәселелерімен айналысады. Теміржол жолдары, порт/айлақ инфрақұрылымын және логистикалық орталықтарды жобалау мен салу бағытында тәжірибесі мол.

Бақытбек Қадыров  төраға лауазымында Логистика және тасымалдау комитетінің саладағы жүйелі проблемаларды шешуге бағытталған жұмысын күшейтуге ниетті.

Еске салсақ, Логистика және тасымалдау комитеті 15 қауымдастық пен одақты біріктіреді. Олардың барлығы авто, теміржол, су және әуе көлігі саласында жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер