astana-view

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «KAZAKH INVEST» бизнеске инвесторларды іздеуде көмек ұсынды

2023 жылғы 12 Қазан
- Павлодар облысы
7011 просмотров

Кездесуді «Атамекен» Өңірлік палатасының директоры Ерқанат Әбенов пен Өңірлік кеңес төрағасы Қобланбек Қожин өткізді. Павлодар облысы бойынша «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ директоры Алмаз Ақышев Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысында өңірдің бизнесі инвесторларды іздеу, бизнес-жоспар жазу және басқа да сүйемелдеуде қолдауға сене алатынын айтты.

Алмаз Ақышев «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ – шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Үкіметі атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде әрекет ететін инвесторларды ілгерілету және сүйемелдеу саласындағы ұлттық компания екенін хабарлады. Компания Астанада бас кеңсесі бар сыртқы істер министрлігінің құрылымына кіретін, шетелде және еліміздің барлық облыс ортағында өкілдіктері бар 100 пайыз мемлекеттік компания. Оның директорлар кеңесінің төрағасы – республика премьер-министрі.


«KAZAKH INVEST» ҰК АҚ кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары, форумдар, ресми сапарларды ұйымдастырады, инвесторларды инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдейді, инвестициялық келісімшарттар жасасуға және өңірлерде және орталық деңгейде инвесторлардың түйткілді мәселелерін шешуге жәрдемдеседі. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлар үшін қолжетімділік арнасы ретінде әрекет етеді, еркін экономикалық аймақтармен (ЕЭА), әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен (ӘКК), «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, әкімдіктермен тығыз жұмыс істейді. Басты міндет – инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

«Әдетте, біздің инвестициялық жобаларымыздың пулы құны 150 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын немесе 500 миллион теңгеге жуық жобалардан тұрады», – деп атап өтті Алмаз Ақышев.

Компания жергілікті және шетелдік жобаларды бірдей қолдайды. Барлық инвестор тең және мемлекеттік қолдау шараларын талап ете алады. Жыл сайын «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ нишалық инвестициялық жобаларды орауды жүргізеді.

«Егер сізде іске асырғыңыз келетін инвестициялық жоба болса және әлі де жер учаскесі, қандай да бір бос тұрған нысан және жобаны жүзеге асыру идеясы болса, бірақ инвестор болмаса, біз сіз жүзеге асырғыңыз келетін әрбір жобаға инвестор іздей аламыз, жоба бойынша бизнес-жоспарды толығымен біздің  «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының есебінен жасауға мүмкіндік бар. Сізден ешқандай шығын талап етілмейді», – деді спикер.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ әлеуеті - өте қызықты мәселе. Павлодар облысының кәсіпкерлері кез келген ыңғайлы уақытта талқылау және жәрдемдесу үшін сол жерге жүгіне алады", - деп түсіндірді Қобланбек Қожин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер