astana-view

Цифрландыру құрылыс саласындағы жалған компанияларды анықтауға көмектеседі – Ұлттық палата

2023 жылғы 13 Қазан
6314 просмотров

 Құрылыс саласындағы лицензианттар тізілімі цифрлық форматқа көшеді. «Атамекен» ҰКП мамандарының пікірінше, бұл шара сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы нарығындағы  жалған компанияларды анықтау, сондай-ақ лицензиялау салссын ретке келтіруге мүмкіндік береді.

 Кәсіпкерлер 2018 жылы уәкілетті органға құрылыс саласында Лицензианттардың бірыңғай электрон тізілімін құруды ұсынған болатын. Сол кезде елде 30 мыңға жуық лицензия берілген, Бүгінде олардың саны 90 мыңға жеткен. Жемек, жыл сайын республикада 10 мың жаңа лицензия беріледі. Бұл ретте сарапшылардың пікірінше, нақты жұмыс істейтін компаниялардың саны анағұрлым за.

Парламент Мәжілісінің бизнес жүргізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннің ақпараты бойынша, құрылыс нарығында 100 мыңға жуық лицензиаттың 12 мыңға жуығы ғана жұмыс істейді.

 «Бүгінде Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау комитеті де, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті де, жобалау немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсат алған әрбір компания туралы толық ақпаратқа ие емес. Атап айтқанда, компания лицензияны иеленудің барлық кезеңінде қызмет атқарды ма, әлде оны алған сәттен бастап ештеңе істемеді ме, белгілі бір компания қанша нысанды жобалаған немесе салған, салық аударған ба, штатта білікті мамандардың қажетті саны бар ма, тиісті материалдық-техникалық базасы бар ма, ақпарат аз», – деді «Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаментінің сарапшысы Данияр Молкенов.

Спикердің айтуынша, қазіргі кезде құрылыс саласындағы лицензиаттардың тізілімі қол режимінде жүргізіледі және лицензиаттар туралы ең аз мәліметтерді қамтитын Excel форматындағы әдеттегі кесте қолданылады. Бұл ретте берілген лицензияларға, нақты жұмыс істеп тұрған және жұмыс істемейтін компаниялар туралы өзекті ақпараттың болмауының себебі болатын белгілі бір лицензия шеңберінде компаниялар нақты орындайтын жұмыстар көлеміне және инвестициялар көлеміне қандай да бір мониторинг пен талдау жасалмаған.

 Спикер бұл жайт нарықта жалған компаниялардың пайда болуына әкеледі, сонымен қатар тиісті жұмыс тәжірибесі, білікті персоналы және материалдық-техникалық базасы жоқ кез келген субъектіге нарыққа «кіруге» мүмкіндік беретінін айтты.

 «Көп жағдайда көп компания лицензияны біліктілік талаптарды айналып өтіп, түрлі айла-тәсілді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық схемаларын қолданып, оны сату үшін алады», – деді сарапшы.

Данияр Молкенов биыл уәкілетті орган осы мәселелерді бизнеспен бірлесіп белсенді түрде қарастыра бастағанын айты. Осылайша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бизнестің қатысуымен қоғамдық талқылау өтті. Оның қорытындысы бойынша тізілімді цифрландыру және рәсімдерді автоматтандыру жолымен лицензиаттар нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу қажеттілігі туралы бірыңғай позицияға қол жеткізілді.

Процедураларды автомат режимге ауыстыру – лицензиаттар туралы ақпарат жинау үшін қажетті барлық мемлекеттік дерекқорды интеграциялана отырып, «Е-Құрылыс» ақпараттық жүйесі платформасында лицензиаттар тізілімін жүргізу жолымен қамтамасыз етілетін болады.

Нарық қатысушылары жаңа автоматтандырылған тізілім әр лицензиант туралы толық ақпаратты (жұмыс жүргізу тәжірибесі, қолданысқа берген объектілері, материалдық-техникалық базасы, білікті мамандар құрамы, салық аударымдарының болуы) қамтиды деп үміттенеді. Негізгі шаралардың бірі – лицензия алған әрбір компанияға сертификатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерді бекіту болады.

Уәкілетті орган лицензияларды қайта сатуды болдырмау үшін  тиісті кадрлар және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілмеген компанияның құрылтайшысын ауыстырған кезде біліктілік талаптарын қайта растау туралы норманы енгізуді ұсынды.

  Кәсіпкерлер осы шаралар лицензиялардың шамадан тыс берілуін қысқартуға, пассив және белсенді емес компанияларды анықтауға, сондай-ақ құрылыс саласында салауатты бәсекелестікті қамтамасыз етуге ықпал етеді деп санайды.

 Бұл ретте сарапшылар автоматтау барлық мәселені шешпейді деп санайды. Атап айтқанда, тізілім бүгінгі күні берілген лицензиялар үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігінің болмауы мәселелерін шешпейді. Сарапшылардың пікірінше, жекелеген мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беру қажеттілігі туындады. Ал оның басты аспектілерінің бірі өзін-өзі реттейтін ұйымға қатысушылардың өз мүшелері үшін материалдық және өзге де жауапкершілігін енгізу болады.

 Айта кету керек, құрылыс саласын өзін-өзі реттеудегі дамыған елдердің тәжірибесі (Англия, Италия, Германия, АҚШ, Польша, Чехия, Жапония, Австралия, Испания және т.б.) құрылыс сапасы, жобалау, жобаларды сараптау және құрылыс объектілерінің барлық қатысушысының қызмет нәтижесі үшін жауапкершілігін арттыру мәселелерінде өзінің тиімділігін көрсетті.

Ұлттық палата бұл мәселені жауапты мемлекеттік органдармен одан әрі оң пысықтауға үміттенеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер