astana-view

Ұлытау облысының кәсіпкерлік секторын қолдау

2023 жылғы 11 Қаңтар
- Ұлытау облысы
6533 просмотров

2022 жылғы 16 маусымда Жезқазғанда «Атамекен» Ұлттық палатасының өңірлік өкілдігі ашылды. Осы ретте «Атамекен» ҚР ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталов облыста өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және туризм салаларын дамытудың болашағы зор екенін атап айтқан болатын. Ұлытау өңіріндегі «Атамекен» АКП алаңындағы жұмыс барысында Ұлытау өңірінде кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аясында бірнеше кездесу ұйымдастырылды.

Президент Қ. Тоқаевтын тапсырмасы бойынша өңірлік әкімдер кәсіпкерлермен жие кездесіп тұру керек. Алғашқы шарада бизнес қауымдастығы өкілдерінің жоспарымен облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының кездесуіне Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төрағасының орынбасары Тимур Арсенұлы Нақыпбеков қатысты. Т.Нақыпбеков Ұлттық палатаның миссиясымен таңыстырып және өңірлік палатаның алдында тұрған мақсаттары туралы айтты.

Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Бақашбаев, «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» АММ басшысы Ернар Баянғазинмен іскерлік кездесу өтіп, өз ісін шынайы атқарып жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің нақты шаралары талқыланды.

Одан кейінгі кездесу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Рустам Жүрсіновпен және «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Қуанышбек Мұқашпен болды. Осы кездесуде өңір кәсіпкерлері құқықтарының бұзылу фактілері бойынша өздерін толғандырған өзекті мәселелер туралы ашық айтып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасының басшысы Ерік Есенов те бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесіп, өңіріміздегі экономика мен бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды жоятындығын жеткізді.

«Ұлытау өңірі бойынша экономикалық тергеу басқармасы кәсіпкерлер үшін әрқашан бірлесе ашық жұмыс істеуге күш салады. Бизнесті қорғауға және дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын», - деді Ерік Есенов өңір кәсіпкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Өңірдегі іскер топ өкілдері Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шарханға өз сауатын жолдады. Вице-министрмен кездесуге Ұлытау облысы бойынша «Атамекен» КП төрайымы Гүлмира Қаженова, «Ремстрой» ЖШС директоры Н.Распопов, «Қосай kz» ЖШС директоры М.Т.Өтешов, Кәсіпкерлер қауымдастығының маманы Н.А.Ким, «Рудсервис» ЖШС директоры П.И. Корник, «Самға» ЖШС директорының орынбасары Қ.У.Құлмағанбетов, «Казтехфильтр» ЖШС директоры С.В. Онищук, «ПИК Ютария» ЖШС директорының орынбасары И.В. Иващенко қатысты. Вице-министрмен кездесуде Қызылорда – Жезқазған, Жезқазған – Қарағанды, Жезқазған – Арқалық жолының құрылысы мен күрделі жөндеуіне қатысты әңгіме өрбіді. Отырысқа қатысқан бизнес қауымдастығының өкілдері су және жылумен жабдықтау мәселелерін шешуге, құрылыс материалдарын индекстеу деңгейін бекітуге, пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге, оның ішінде құрылыс тасын өндіруге және ұсақтауға лицензия беру мерзімін қысқарту мәселесіне назар аударды. Бұл экономиканың басым секторы. Өйткені, қиыршық тас құрылыс материалдарының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға арналған инфрақұрылымы бар индустриялық ғимараттар құрылысына да баса мән берді. Ұлытау облысы бойынша «Атамекен» КП төрайымы Гүлмира Қаженова өңдеу өнеркәсібі бойынша өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша және отандық өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар, табиғи монополиялар субъектілері, квазимемлекеттік сектор, сауда кәсіпорындары бірлестігі өндіретін тауарлардың және қызметтердің негізгі өнеркәсіптік тұтынушылары арасында азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу. «Атамекен» АКП-ның Ұлытау өңіріндегі жұмысы кәсіпкерлерді жан-жақты қолдауға, бизнес-ортаны дамытуға және кәсіпкерлік саласына қатысты проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасын ашудағы басты мақсат – өңірдегі кәсіпкерліктің барлық нысандарын қолдау, құқықтық кеңес беру, көмек көрсету, аймақтың экономикалық дамуына ықпал ету. Сондай-ақ, өзекті мәселелер мен ұсыныстар бойынша диалог жүргізу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер